12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

 Медиация — татулық кепілі

2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының  «Медиация туралы» заңы қабылданып, 2011 жылдың 05-тамызынан заңды күшіне еніп, қолданыста екендігі барлығына мәлім.

Медиация — мемлекетіміздің сот жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі.Медиация институты қазақ қоғамына жат емес.Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Азаматтар арасындағы туындаған дау-дамайларды би-шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған.

Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіру, дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылған. Көбіне сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істі апелляциялық, қассациялық сатыларында қайта қарауға өтініш береді.

Аталған сатылардың әрқайсысының өзінің уақыты мен мерзіміне байланысты істерді қарау бірнеше айға, кейде жылдарға созылып кетеді. Ал, медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді.

Медиацияның артықшылықтары — тараптар уақытын үнемдейді, себебі сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқа,мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қызметі қажетболмайды.

Медиация — бұл қарапайым тілмен «бітімгершілік» деп айтуға болады. Тараптар арасында келіспеушілік туындаған жағдайда азаматтар мен заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында  шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады.

Медиацияның мақсаты — дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты дақанағаттандыратын нұсқасына қолжеткізу. Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тәуелсіздігі мен рәсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерінің бірі.                      

   Медиация бір жағынан сот жұмысын жеңілдету құралы. «Медиация туралы» заң қабылдау азаматтарға мәселені шешу жолын таңдау еркіндігін, адам құқықтарын қорғаудың жаңа мүмкіндігін қолдану, азаматтық қатынастың заманауи формасын қалыптастыру, мәселерді конструктивті диалог арқылы шешу сияқты зайырлы қоғамға тән мүмкіндіктер берді. Қаржы үнемдеуді былай қойғанда, медиатордың көмегімен мәселені бірнеше сағатта шешуге болады. Бұл уақыт үнемдеудің де тәсілі. Сонымен консенсуске келу арқылы тараптар арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу ықтималдығы жоғары. Көріп отырғанымыздай, медиация институты — азаматтық қоғам қалып­тас­тыру­дың, дамуының белгісі. Себебі мәселені сотқа жеткізбей шеше алу — адам құндылықтары мен көзқарасын жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Қалдыбек Г.Б.

Абырой бигінде

Əділет полковнигі, отставкадағы судья Советхан Сəкеннің есімі аталса əріптестері...

В рамках индустриального партнерства

В эпоху глобализации и технологической интеграции успешное развитие регионов...

Состязательность и равноправие в уголовном судопроизводстве

Справедливый суд невозможен там, где одна сторона заведомо сильнее...

Инвестиции в будущее нации 

ПРАВИТЕЛЬСТВО КАЗАХСТАНА УТВЕРДИЛО ЕДИНУЮ КОНЦЕПЦИЮ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», СТАВШУЮ КРУПНЕЙШИМ...

Жаңа Қазақстан –жаңа конституциялық реформа

Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтіп, ел дамуының...