12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация құқықтық мәдениетті қалыптастырады

Бабаларымыз барлық уақытта «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш»  қағидатын ұстанған. Содан болар, қазақ даласында түрме атауы болмаған. Барлық дау-жанжалды аузы дуалы билер өзара бітіммен бітіріп, сол арқылы екі жақтың құрметіне бөленген. Заман өзгерісіне қарай, қоғамымызда дау түрлері де көбейді. Жұртшылық кез келген даулы мәселеде соттарға жүгінетін болды, яғни, әділдікті соттан іздеді.

Тәуелсіз елімізде бабалар жолы жаңғыртылып, Медиация институты енгізілді. Бұл институттың жұмыс істегеніне 15 жылға жуықтады. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы дау-дамайды өзара келісіммен бітіруге болатынына көздері жетті. Соның нәтижесінде соттарға түсетін істердің медиациямен аяқталу көрсеткішінде өсу бар екенін ресми ақпараттар жоққа шығармайды.

«Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» дейтін халқымызға медиация жат емес. Медиация туралы заңмен, басқа да кодекстермен дауды тиімді шешудің шаралары жан-жақты қарастырылған.  Мысалы, азаматтар ортақ мәмілеге татуласу келісімі, дау-жанжалды медиация тәртібімен реттеу және партисипативтік рәсім, сондай-ақ, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы келе алады. Бұл заңдылықтар Азаматтық процестік кодекспен айқындалған. Соған орай айтсақ,  дауды татуласу рәсімдерін қолдана отырып реттеу туралы өтінішхатты талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімдеуге болады. Медиация тәртібінде дау-жанжал судьяның немесе медиатордың көмегімен реттеледі. Медиацияның артықшылықтарын түсіндіріп, дауды тараптардың келісіп бітіруіне судьялардың көмектесуі сотқа жүгінушілер үшін үлкен мүмкіндік.

Дауды сотсыз бітірудің басты артықшылығы мұнда жеңген немесе жеңілген жақ болмайды. Екі жақтың да мүддесі теңдей сақталады. Тараптар өздерін қанағаттандыратын талап-тілектерін шартта көрсетеді. Ортақ келісімге келетіндіктен, оның орындалу деңгейі де жоғары болады. Мемлекеттік баж қайтарылады. Бұған қоса талапкер келісімде талап арызда көрсеткенінен басқа да талаптарын көрсете алады. Ескерерлігі, келісім шарт талаптары заңға қайшы келсе немесе басқа адамның мүддесіне зиянын тигізетін болса ол сотпен бекітілмейді.

Дауды бітімгершілікпен бітірудің баламалы шараларын дамытуға барлық мемлекеттік органдар мүдделілік танытып, халықты жұмылдыра білсе, береке-бірлігіміз артып, болашағымыз жарқын болары хақ. Өйткені, медиацияны кеңінен қолдану тек сот қызметін  емес, барлық процестік алаңдағы органдардың жұмысын оңтайландырады, нәтижесінде жұмыс жүктемесін азайтады. Сайып келгенде дауды дауласушылардың өздері ортақ келісіммен бітіруі қоғамдық қарым-қатынастың мәдениетін арттырады.

Ж.Құрманов,

Ырғыз аудандық сотының

аға сот приставы

Ақтөбе облысы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...