12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация өркениетке жеткізеді

Дау-дамайдың ушықпай шешілуі тараптар үшін ғана емес, мемлекет үшін
де маңызды. Сондықтан, ел халқы заңмен берілген мүмкіндікті кеңінен
пайдаланып, республикамыздың тұрақты дамуына өз тараптарынан
мүдделілік танытулары тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының
Медиация туралы заңы жұмыс істейді. Азаматтық, Қылмыстық, т.б.
кодекстерде татуласу шараларының нормалары бекітілген. Соған орай,
Жоғарғы Соттың бастамасымен бітімгершілік тәсілдерін қолданысқа кеңінен
енгізу мақсатында айтулы жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, дау-
жанжалды соттан тыс, сотта шешуде бағытталған «Соттағы татуластыру
рәсімдері», «Татуласу: сотқа дейін, сотта», т.б. жобалар мен «Татуластыру
орталықтары» бүгінде өз нәтижесін беруде.
Медиацияның артықшылығы, тараптардың қалауымен жүзеге асырылады
әрі дау екі жақтың келісімімен қысқа уақытта, артық шығынсыз бітеді. Олар,
тіпті, бір күннің ішінде мәмілеге келе алады. Сонымен қатар, татуласу
процесінде екеуара келісім құпиялылығы сақталады. Ортақ келісімге
келетіндіктен, оның орындалу деңгейі де жоғары болады. Мемлекеттік баж
қайтарылады. Келісімде талап арызда көрсетілгеннен басқа да талаптарды
көрсету мүмкіндігі берілген.
Соттар тараптардың дауды медиациямен аяқтауына көмектесіп, бұл
реттегі құқықтарын түсіндіреді. Есте ұстарлығы татуласу келісімдері заңға
қайшы келмеуі және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзбауы тиіс. Заң талабына сай келмейтін келісімді сот бекітпейді. Тараптар
сот актісін орындау сатысында да ортақ мәмілеге келе алады. Мұндай
жағдайда татуласу келісімі сот актісі орындалатын аумақтағы бірінші
сатыдағы немесе оны қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.
Татуласу келісімі дер уақытында ерікті түрде орындалуы тиіс. Яғни, оны
жасаушылар келісімде көзделген тәртіпте орындауға міндетті. Қандай да бір
тарап оны орындаудан бас тартса, мүдделі жақтың өтінішхатымен соттың
атқару парағының негізінде мәжбүрлі түрде орындатуға жатады.
Билер сотының дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан озық үлгілері
ешқашанда маңызын жоймайды. Оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуден
ұтпасақ ұтылмаймыз. Медиация институтының тәжірибеге еніп,
жаңғыртылуы елдегі дау көрсеткішін азайтады.
Халқымыз үшін жат емес, бітімгершілік институты өркениетке жеткізетін
маңызды қадам әрі қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыратын тиімді
тәсіл болғандықтан, оны жан-жақты дамытып, жаңғыртуды уақыттың өзі
талап етіп отыр. Соған сай, әрбір қазақстандық Медиация туралы заңның
толыққанды жұмыс істеуіне өзінің септігін тигізіп, белсенділік танытса деген
тілегіміз бар.
Гүлбарам Төлегенова,
Ырғыз аудандық сотының бас маманы
Ақтөбе облысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...