12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация — ел бірлігін нығайтады

Елімізде медиацияны жандандыруға айрықша көңіл бөлініп жатыр. Бабаларымыз бітіммен біткен істе береке барын бекер айтпаған. Сондықтан, бұл институт халқымыз үшін таңсық дүние емес. Қазақта соттық билік пен бітімгершілік міндеттерін билер мен аузы дуалы ақсақалдар атқарып, жұртымыз әқашан да аталы сөзге тоқтай білген. Даулы мәселенің ортақ мәмілемен бітуі ең алдымен ел бірлігін нығайтуға ықпал етпек.

Жалпы алғанда медиация рәсімі дау-дамайды екі жақтың ерікті түрде өзара келісіммен аяқтауын көздейді. Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңының жұмыс істегеніне он бес жылға жуықтады. Содан бері дау шешудің балама тәсілдері жан-жақты жетілдірілуде. Әсіресе, Жоғарғы Сот тарапынан жүзеге асырылып жатқан тың жобалар бітімгершілік институтының қолданыс аясын кеңейтуде.

Медиацияның ең басты тиімділігі тараптармен жасалған келісімдер сот шешімдеріне қарағанда жылдам әрі жиірек орындалады. Одан кейін медиация рәсімдерінде соттағыдай шығын болмайды, яғни, келісімге келу төленген мемлекеттік баждың қайтарылуын қамтамасы етеді. Жылдам орындалады деп отырғанымыз, дауды бір күнде немесе бірнеше сағатта шешу мүмкіндігі бар.

Ерекше атап өтерлігі, тараптар дауды келісіммен бітірсе іскерлік және ағайындық қатынастар сақталады. Бұл өз кезегінде адамды психологиялық күйзеліске ұшыратпайды. Барлық адамның өзін сот арқылы қорғауы үшін адвокат жалдай алмайтыны белгілі. Осындай кезде татуласу рәсімдерінің тиімділігі зор, азаматтар өздерін қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізеді. Медиацияның тағы бір маңыздылығы, құпиялылық сақталады, яғни, құпия мәліметтердің таралмауын қамтамасыз етеді.

Бітімгершілік рәсімдері тараптардың мүдделеріне бағытталған. Екі жақты да риза ететін ортақ шешім тек медиация тәсілдері арқылы ғана қабылданады. Сонымен қатар, тараптар дауды реттеуге көмектесетін адамды өздері таңдайды. Бұл өз кезегінде олардың сенімін нығайтып, институттың маңызын арттырады.

Заң талабына орай, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша татуластыру рәсімдері сотқа жүгінгенге дейін де, азаматтық сот ісін жүргізудің кез келген сатысында да қозғалуы мүмкін. Келісіммен жасалған шарт талаптарын екі тарап та көрсетілген мерзімде ерікті түрде орындауға міндетті. Орындалмаған жағдайда тараптар азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша дауды шешу үшін оны мәжбүрлеп орындау немесе оның күшін жою туралы сотқа жүгіне алады.
Бүгінгі таңда Ырғыз аудандық сотында «Медиация туралы» заңды, медиаторлардың мәртебесі мен қағидаттарын, медиация тәртібін және бітімгершілік институтын насихаттауға ықпал ететін басқа да мәселелерді түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Г.Әжібаева,
Ырғыз аудандық сотының бас маманы-
сот отырысының хатшысы, Ақтөбе облысы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...