Медиация – ел бірлігін нығайтады

Дана билеріміз «Ерегескен ел болмайды»-деп, жұртшылықты әрқашанда татулық пен бірлікке үндеп, дауласушыларды жарастырып отырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осынау тамаша тәмсіл бүгінде заманауи сот жүйесінің де басты ұстанымына айналды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңын ерекше атауға болады.

Ел соттары дау-дамайды тараптардың өзара келісімімен бітіруге айрықша назар аударады. Бұрын дау тарабының бірі мемлекеттік орган болса, татуластыру, бітімге келу келісімдері жасалмайтын, әкімшілік әділет институты  осы қағиданы түбегейлі өзгертіп, жария-құқықтық дауларда жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдардың ортақ мәмілеге келуіне жол ашылды. Яғни, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен (ӘРПК) жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласу нормалары бекітілді. Осы тұста әкімшілік қалауды түсіндіріп өтсек, әкімшілік орган мен лауазымды адамның заңмен белгіленген мақсаттар мен шектер заңдылығын бағалауда өзіне тиімді шешімдердің бірін қабылдауы – әкімшілік қалауды білдіреді.

ӘРПК-нің 120-бабына сәйкес, тараптардың әкімшілік процестің барлық сатысында татуласу мүмкіндігі бар. Бұл үшін олар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жазбаша түрде жасап, оны сот шешім шығаруға кеткенге дейін ұсынады.  Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімде татуластыру шарттары, сот шығыстары, өкілдер қызметіне төленетін ақы толық қамтылуы және ол мәжбүрлеу тәртібімен орындау талаптарына сай келуі тиіс. Ескерерлігі, басқа адамның құқығы мен бостандығына, заңды мүддесіне нұқсан келтіретін келісім сотта бекітілмейді. Сондықтан, келісім шарттарын жасасуда заң шеңберінен шықпаған жөн.

Бабаларымыз  «Ынтымақ жүрген жерде ырыс та бірге жүреді» деген сөзді бекер айтқан жоқ, себебі,  дау атаулының ушықпай бітуі мемлекетіміздің құқықтық саясаты мен экономикасының дамуына айрықша ықпал етіп, тұрақтылығына кепілдік болады. 

Сондықтан, соттар тараптарды татуластырудың барлық шарасын қарастырады. Яғни, соттың белсенді рөлінің қағидаты даудың татуласу рәсімдері аясында шешілуіне, сол арқылы ұзаққа созылатын сот істеріне жол бермеуге жағдай жасайды. Қандай да бір келісімге келу ең тиімді әдіс әрі билер соты ұстанған тура жол десек, медиациядағы басты артықшылық — дау қысқа уақытта шешіледі, тараптар, уақытын үнемдеп, басы артық шығындарға ұшырамайды, ең бастысы  өздерін қанағаттандыратын шешімге қол жеткізеді.

Мемлекеттік органдар қатысатын істердің татуласу рәсімдерімен бітуі әкімшілік органдар жұмысын оңтайландырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ, лауазымды адамдардан  татуласу рәсімдеріне мүмкіндігінше батыл қадам жасауды талап етеді. Осы арқылы халықтың  мемлекеттік органдарға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға болады.  Сонымен бірге бұл қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. Татуластыру шараларын қолдану ешкімнің де сотқа жүгіну құқығын шектемейді. Жеке және заңды тұлғалар заңмен берілген мүмкіндікті пайдалануда белсенділік танытқаннан ұтпаса, ұтылмайды. Дауды сотсыз реттеудегі ең жақсы жол – бітімгершілік. Өйткені, адам — еліміздің басты байлығы, оның құқығы мен бас бостандығы Конституциямен кепілдендірілген. Ел халқы бабаларымыздан жеткен бітімгершілік институтының мүмкіндіктерін пайдалануға барынша ұмтылса, береке-бірлігіміздің одан әрі еселене түсері анық.

А.Рахимжанова,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

Пробация қызметінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация...