Медиация: Дауды шешудің ең тиімді жолы

Қоғам дамыған сайын адамдар арасындағы қарым-қатынастар күрделене түсіп, түрлі даулардың туындауы заңды құбылысқа айналуда. Мұндай дауларды шешудің дәстүрлі жолы – сотқа жүгіну. Алайда соңғы жылдары дауларды бейбіт жолмен реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиация кеңінен қолданылып келеді. Медиация – бұл тек құқықтық құрал ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті сақтаудың тиімді механизмі.

Медиация – тараптардың өз еркімен, өзара келісім арқылы дауды шешу процесі. Бұл үдерісте бейтарап тұлға – медиатор қатысып, тараптардың пікір алмасуына, ортақ шешімге келуіне ықпал етеді. Қазақстан Республикасында медиация институты Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы арқылы реттеледі. Аталған заң медиацияның қағидаттарын, оны жүргізу тәртібін және медиаторлардың құқықтық мәртебесін айқындайды.

Медиацияның басты артықшылықтарының бірі – оның тиімділігі мен жеделдігі. Сот процесі айлар мен жылдарға созылуы мүмкін болса, медиация бірнеше күннің ішінде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сотқа қарағанда медиацияда қаржылық шығындар да әлдеқайда аз болады.

Медиацияның тағы бір ерекшелігі – оның икемділігі. Тараптар өздеріне тиімді шешімді өздері қабылдайды. Яғни, мұнда «жеңімпаз» немесе «жеңілген» болмайды, керісінше екі жаққа да тиімді келісімге қол жеткізіледі. Бұл әсіресе отбасылық, еңбек, азаматтық және коммерциялық дауларда аса маңызды.  

Қорытындылай келе, медиация – дауларды шешудің ең тиімді, жылдам және адамгершілікке негізделген тәсілі. Ол тек дауды шешіп қана қоймай, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан медиация институтын дамыту және оны кеңінен қолдану – қазіргі құқықтық жүйенің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Абитай Р.Д.

Сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Басты міндет – халыққа адал қызмет

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»...

​Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мүдде

​​Тіл — қай ұлтта болмасын, оның бағы мен соры,...

№20 мекемеде Абай атындағы кітапхана ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

Еліне қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен азамат

«Жақсылық қылсаң халқыңа, бір қайырымын аларсың», – деп бабаларымыз...