12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиация әділ шешім негізі

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде медиация кеңінен қолданыла бастады. Медиация сөзі «mediare», латын тілінен аударғанда, делдалдық ету, яғни тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.  Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды.

Тарих­шылар бұрынғы кезде медиацияның тек халықаралық, этникааралық және тек көпжақты жанжалдарды шешу үшін қолданғанын жақсы біледі. Бұл әрқалай аталған: «делдалдылық», «өтініш», «игі қызметтер ұсыну». Жанжалдарды шешу­дің мұндай әдістері тек келіссөздер тығырыққа тірелген кезде, және жетістікке жету үшін таласушы жақтарды бір-бірінің көзқарасын түсініп, қабылдату үшін жиі қолданылатын. Дау туған жағдайды оны шешу тәсілі ретінде ережелер мен иерар­хия­лық тәртіпті қолдануға қарағанда, келіссөзге келіп, ортақ шешімге бірлесіп жеткен қайда ыңғайлы әрі ұтымды екенін адамдар ежелгі заманнан-ақ білген.

Қазіргі кезде медиация Еуропа, АҚШ және Австралия мемлекеттерінде бел­сенді қолданылады. Қазіргі таңда біздің елімізде де мелдиацияның тынысы ашылып келеді. Сот жүйесінен асып, ассамблея орталықтарында да медиация кең қолданыла бастады. Қоғам үшін берері мол, тараптардың уақытын да, қаржысын да үнемдейтін жүйенің кеңінен қолданылуы өзімізге пайдалы болып отыр.

Бейсенбина Жазира Абдигалиевна, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...