12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Меценаттар халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына пәтерлер сатып әперді

 Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасына  8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында меценаттар талдықорғаннан пәтерлер сатып алып берді. Көп балалы және жалғыз басты аналар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырғандар, жетім балалар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар бұл санатқа кірді , — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Тұрғын үй алу кезегінде  тұрғандарға бұл пәтерлерді меценат Ерік Айдарбаев пен «Харекет» республикалық қайырымдылық қоры сатып алып беріп  пәтер кілттері мен сертификаттарын  8 Наурыз мерекесі қарсаңындағы ерекше сый көрсете білді. 

«Бүгінгі күні әлемде әйелдер еңбек етіп, қоғамның барлық саласында табысты қызмет етіп, үйлерінде  өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүр. Әсіресе көп балалы аналарға зор алғыс айтамыз. Өйткені балалар — кез келген елдің басты байлығы. Сондықтан көп балалы, аз қамтылған отбасыларын  қолдау – ортақ азаматтық парызымыз», — деді тоғыз  пәтердің кілтін тапсыру салтанатында меценат Е.Айдарбаев.  

«Харекет» қайырымдылық қорының Талдықорғандағы жетекшісі Амангелді Төлемісов мерекеге жиналған әйелдерді құттықтап, қорға қолдау көрсеткен демеушілерге ризашылығын білдіріп:   

— Қайырымдылық қоры жұмысы басталғалы баспанаға мұқтаж жандарға 593 пәтердің кілті берілді. Соның  отбасы 48  Талдықорған өңірінен алды. Республика бойынша «70 баспана» акциясы наурыз айында  жалғасып, 30 күнде 70 пәтер әперу жоспарланған. Сол пәтерлердің  5-еуі Талдықорған қаласынан болса 3-еуі бүгін беріліп отыр.  Қолдауға мұқтаж жандар әлі де аз емес. Сондықтан қол ұшын беретін  жандарды қатарымызға шақырамыз, — деді ол.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев меценаттарға алғыс айта тұрып:

 — Жетісу жерінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік  шаралар жүйелі түрде  атқарылуда. Бұл ретте тұрғын үймен қамтуға ерекше назар аударылып, өзекті мәселені шешуге кәсіпкерлер жақсы көмек көрсетуде. Биыл біздің облыста меценаттардың қолдауымен көп қабатты 15 тұрғын үйді  салу басталады. Жалпы  60 мыңнан астам жетісулық үй кезегінде тұр. Қазіргі кезде қаржыландырудың әртүрлі көздері есебінен жыл сайын 3 мың пәтерді пайдалануға беруде. Бұл аз. Сондықтан  жыл сайын  10 мың пәтермен халықты қамтамасыз ету  қажет. Әйтпесе, тұрғындар өпәтер алу кезегін 20 жыл, тіпті одан да көп  жылдар күтуі мүмкін. Бұл мәселеде бізге меценаттар мен кәсіпкерлердің көмегі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бизнес аяғынан нық тұрды, енді мемлекет пен оның азаматтарына әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін уақыт келді. Осындай үлкен кең жүректі азаматтардың арқасында талдықорғандық 12 отбасы бүгін үйлі болып отыр. Бұл — көпшілікке үлгі боларлық іс, — деді облыс басшысы.

Бес баланың анасы Әлия Кауменова қоныстой иелерінің атынан меценаттарға алғысын білдіріп «Біз көп жылдан бері пәтер жалдап келеміз. Балалармен анда-мында көшіп жүрген қиын. Енді біздің өз баспанамыз бар. Қатты қуанып тұрмын, менің арманымды орындаған, отбасымды қиындықтан алып шыққан азаматтарға шын жүректен рахмет айтамын, — деді.

Алматы облысы халықтың табиғи өсімі жағынан республикада алдыңғы орында Статистикалық мәліметке жүгінсек, 2019 жылы 50 мың бала өмірге келсе, 2020 жылы 54 мың, өткен жылы 56 мың бала дүние есігін ашқан. Бүгінгі күні өңірде 59 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. Соның ішінде 28 мың ана – «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегері. Қорыта айтқанда, мемлекеттік саясатқа сай өңірде атқарылып жатқан игі істердің дәл осындай фактілермен бекітіле берілетін  көзайым хабарларын  қуана құптай отырып оқырманға жеткізуге асықтық.

Өз тілшіміз.

Алматы облысы  

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...