Мбаппе мен Винисиус Алматыға келе ме? “Реал Мадридтің“ бас бапкері жауап берді

Баспасөз конференциясында журналистердің бірі «Реал Мадрид» клубының бас бапкері Хаби Алонсодан «Қайратпен» өтетін ойынға қатысты ойыншылардың пікірін сұрады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Себебі Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «корольдік клуб» Алматыға келеді және бұл сапар 8 сағаттан кем болмайды. Осыған байланысты «бұл матчқа негізгі құрам бара ма, әлде қосылқы ма?» деген сауал қойылды.

Бас бапкер «Қайратқа» деген құрметін білдіріп, маңызды кездесуде жеңіске жетуге тырысатынын алға тартты.

«Әрине, бұл өте ұзақ сапар. Яғни 8 немесе 10 сағат дегеніміз әдеттегідей жағдай емес. Бірақ бұл Чемпиондар лигасындағы маңызды матч. Біз «Қайратты» құрметтейміз. Олар бұл кезеңге жету үшін көп еңбектенді және бұл команда үшін тарихи сәт. Біз мықты құраммен барамыз, алаңға негізгі ойыншылар да шығады. Алғашқы минуттардан бастап-ақ ойынды бақылауда ұстауға тырысамыз», — деді Алонсо.

«Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч 21:45-те басталады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.