Маусым айынан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы көбейеді

Қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақыны маусым айынан бастап ала бастайды. Сондай-ақ маусым айында олар сәуір және мамыр айларының қосымша төлемдерін алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“12 мамырда заң қабылданды, оған сәйкес 1 сәуірден бастап 2022 жылға арналған инфляциялық дәлізді қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚҚ) ынтымақты зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4%-ға өсті. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы да 4%-ға өсті”, – деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметі.

Заңға сәйкес, 1 сәуірден бастап:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3180 теңге мөлшерінде;

ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі (ӨМ) – 37 389 теңге;

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.