12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ: журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне жол аша ма?

Алдағы уақытта желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктер «интернет-басылым» деген бірыңғай ұғымға біріктірілетін болды. Енді осындай атау иеленген басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылмақ. Қоғам арасында қызу талқыланып, әртүрлі пікірге өзек болған бұл мәселе Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданған «Масс-медиа туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларында осылай шешімін тапты.

Жиында жаңа құжат бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжанов баяндама жасады. Заң жобасы жиында екінші отырыста қаралды. Айта кету керек, бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы жолдауында ел мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарындағы заңнаманы жетілдіруді міндеттеген тапсырмасына орай жасалды. Сонымен қатар, негізгі заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, журналистердің артықшылықтарын кеңейту көзделді. Заң жобалары саланың тәуелсіз сарапшылары, мүдделес құзырлы ұйым, халықаралық құрылым өкілдері, БАҚ мамандары бас қосқан ортада қызу талқыланды. Онда кейбір өлшемдерге қатысты қарсы пікірлер айтылып, тараптардың өзара мәмілеге келуі қиынға түскеніне куәміз. Жанарбек Садықанұлының айтуынша, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің аясында «Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» заңы жобасының призмасы арқылы медиасфераның даму тенденциялары» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау» тақырыбында кеңейтілген тақырыптық отырыс, сондай-ақ жұмыс тобының, 34 комитеттің 2 кеңейтілген жиыны ұйымдастырылыпты. Сонымен қатар, Парламентте комитет төрағасының және жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі ресми өкілі Тереза Риберо ханым бастаған делегациямен де заң жобалары жан-жақты талқыланған. Тоқетерін айтқанда, заңның әрбір нормасы қатаң сүзгіден өткен. Соның арқасында онда көрініс тапқан бірқатар норма алынып тасталған. Олардың бірі – жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін баспасөз картасын енгізу талабы. Әшімжанов мырзаның айтуынша, заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобы мүшелерінің басым көпшілігі бұл норманы – демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деген пікірден айнымапты. Мұны депутаттардың ерлігі деп бағалауға болады. Халық қалаулылары сонымен қатар жаңа құжатқа енген «Бұқаралық ақпарат»; «Діни телебағдарлама»; «Журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы туралы Ұлттық баяндама»; «Теле, радио арнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдарының да алынуына пәрмен берді. Заң жобасы бойынша дәйектелген мәселелер де аз емес. Салыстырмалы кесте негізгі заң жобасы бойынша – 200, ілеспе заң жобасы бойынша 43 қабылданған позициядан тұрады. Ілеспе заң жобасы аясында Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстеріне және тағы 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Олардың бірі және бірегейі – «Журналистің ерекше мәртебесі» және «Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі» ұғымдары. Сонымен қатар, «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу» және «Масс-медиа мониторингі» ұғымдарын нақтылау шаралары бекітілді. Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттері нақтыланып, Үкіметтің мемлекеттік ақпараттық саясаттың басты бағыттарын әзірлеу және оларды іске асыруды ұйымдастыру жөніндегі құзыреті толықтырылып, атқарушы билікке қосымша – Масс-медиа мониторингін жүзеге асыру өкілдігі берілді. Заң жобасында үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғын үй кешендерінде жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабелдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптар, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-радио өнімдерінің трансляциясын қамтамасыз ету және бақылау, журналистің кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер белгіленді. Заң аясында тағы да көптен көтеріліп жүрген мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламаларды тарату және отандық контент көлемін арттыруға да қол жетіп отыр. Бұл құжат қабылданса, мемлекеттік тілдегі хабарлар мөлшері 2025 жылдан бастап – 55 пайызға, 2027 жылдан бастап 60 пайызға ұлғайтылатын болды. Құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша ескіру мерзімін үш жылдан бір жылға дейін қысқарту да шешімін тапты. БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық-кәсіби кеңестердің негізгі функциясы ретінде журналистердің Әдеп кодексін әзірлеу, балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарды қаржылай қолдау (грант тағайындау), отандық теле-радио арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-радио арналардың теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялауды 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту да осы заңнама аясында шешімін тапты. «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заңмен реттелетін онлайн платформаларда ақпаратты орналастыру, тарату жөніндегі қатынастарды реттеу ерекшеліктері туралы өлшемдер белгіленді. Тоқетерін айтқанда, бұл заң жобасы бірінші кезекте кәсіби журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне, ақпараттық кеңістіктің ашықтығы мен ықпалдылығын, тиімділігін арттыруға, ақпарат таратуда бәсекелестіктің дұрыс бағытта дамуына, жалпы қоғамдық-саяси өміріміздің тұрақтылығы мен мемлекеттік саясаттың ілгері жылжуына әсер етпек. Мұны әриие, уақыт көрсетеді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Қазақстандағы су тасқыны: Атырау мен ШҚО-дағы жағдай қандай?

Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың көп жаууына байланысты елді мекендерге су тасқыны қаупі төнді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕДЕ МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Жеріміз пайдалы қазбаларға толы деп мақтанамыз. Алайда, осы байлық толыққанды ел игілігіне айналмай отыр. Оның бір себебі пайдалы қазбаларды жер қойнынан алып шығудың қиындығында. Осының салдарынан құрамында минералды шикізат бар тау жыныстарының белгілі бір бөлігі басқа елдерден әкелінеді.

Астанада жылу қайта қосыла ма? Қала әкімі жауабы

Астанада жылу беру маусымы аяқталды, бірақ күн қайта суытып, 1 мамырда қар жауды.

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3 мамырда елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.