12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жиі ұйымдастырады. Осы тұрғыда полицейлер таңғы 04:00 шамасында Шымкент-Самара тас жолы бойында «Opel Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында бұған дейін ӘҚБтК-нің 608-бабы 4-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Сонымен қатар сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің көлік басқарғанда мас халде болғаны расталды. Яғни өз қателігінен нәтиже шығармаған жүргізуші тағы да мас күйде көлік тізгіндеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеп, Ордабасы аудандық сотына жолдады.

Нәтижесінде жүргізуші ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін мас халде көлік басқармауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Административные дела с участием несовершеннолетних: профилактика и защита прав

В Республике Казахстан особое внимание уделяется рассмотрению административных дел...

Об ограничении родительских прав

Согласно действующему законодательству, ограничение родительских прав является мерой, направленной...

Расторжение брака: правовые и практические аспекты

Расторжение брака — это официальное прекращение семейных отношений между...

Мир без суда: зачем нужна медиация?

В последние годы в гражданском процессе всё активнее применяется...

Отбасындағы бала тәрбиесі

Отбасы – баланың тұлға болып қалыптасуындағы ең алғашқы әрі...