Мас күйде көлік басқарғандар қоғамға қатер

Жүргізушінің көлік құралын мас күйде басқарғаны, сол сияқты көлігін мас адамның басқаруына бергені үшін әкімшілік те, қылмыстық та жаза қатаң. 

Алайда жауапкершілікті түсінбей, рөлге ішіп алып отырып, заң бұзушылық жасайтындар аз емес. Мас күйде көлік басқару жүргізушінің өзіне де, өзгелерге де зиян. Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сай әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал, жүргізуші куәлігінен айырылған мас адамның көлік жүргізуі Қылмыстық кодекстің 346-бабына сай қылмыс ретінде танылатынын, ол үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң жаза қарастырылатынын кейбір адамдар ескере бермейді. Негізгі жазадан бөлек өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жөніндегі қосымша жаза тағы бар. Қазір арқаны кеңге салып, заң талаптарын ескермей жүрудің құқықтық салдары ауыр болатындығын түсінетін, заңды сыйлауды тереңінен сезінетін уақыт. Әкімшілік жауаптылықтан кейін қайталап мас күйінде көлік жүргізсе, қылмыстық жауаптылық бар екенін әр адам есінде ұстаса екен дейміз.

Г.МУХАМБЕТКАЛИЕВА, Байғанин ауданы сот әкімшісінің бас маманы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ,

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...