Қазақстан Республикасында мас немесе есірткі әсеріндегі көлік жүргізу — ең ауыр әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі болып саналады.
Соңғы жылдардағы сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай істерде жаза барған сайын қатая түсуде, ал соттар тіпті жол-көлік оқиғасы болмаған жағдайда да жеңілдік бермейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйінде көлік құралын басқару не көлікті осындай күйдегі адамға беру 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғады.
Мұндай қаталдықтың себебі түсінікті: дәл мас және есірткі әсеріндегі жүргізушілер ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының басты себепшісі болып отыр.
Жауапкершілік тек рөлде отырғандарға емес.
Заң тек рөлге отырған мас адамдарға ғана емес, медициналық емес мақсатта есірткі пайдаланған кез келген тұлғаға да қолданылады.
ӘҚБтК-нің 440-1-бабының 1-бөлігі осындай немедициналық қолдану үшін 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасын белгілейді.
Яғни, адам көлік жүргізбесе де, егер медициналық сараптама есірткі қолданылғанын дәлелдесе, ол да жауапқа тартылады.
Сот отырысында хаттамалар, түсініктемелер, сараптама қорытындысы, бейнежазбалар және өзге де дәлелдер зерттеледі.
Кінә дәлелденсе, сот заңда көзделген жаза түрін тағайындайды.
Қатаң жазалау тәжірибесі жолдағы тәртіпті нығайтуға және мас күйінде көлік жүргізу жағдайларын азайтуға бағытталған.
Мұндай тәсіл «рульге мас күйінде отырсаң — құқықтан, еркіндіктен және қоғам сенімінен айырыласың» деген түсінікті қалыптастырады.
Бұл мемлекет ұстанып отырған нөлдік төзімділік қағидасын айқын көрсетеді.
Жүргізушілерге кеңес!
• Алкоголь немесе есірткі қолданғаннан кейін ешқашан көлік жүргізбеңіз.
• Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде, оның көлік басқаруға әсерін дәрігерден нақтылаңыз.
• Мас күйдегі адаммен бірге сапарға шықпаңыз.
• Есіңізде болсын: тіпті «бір темекі марихуана» немесе «бір жұтым сыра» сізге 7 жыл жүргізуші куәлігінсіз және қамауға алу жазасын әкелуі мүмкін.
Бұл — орынды қадам, себебі салдары адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. 608 және 440-1-баптардағы жауапкершілік — бұл тек жаза емес, әрбір жүргізушіге ескерту: жол қауіпсіздігі жеке жауапкершіліктен және толық айқындықтан басталады.
Масаң күйде көлік құралын басқару және есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану үшін жауапкершілік
ӘҚБК-нің 608 бабы бойынша 2024 жылы 9 айында 457 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралса, 2025 жылдың 9 айында 335 іс қаралды.
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының тәжірибесінде көлік құралын масаң күйде басқару және есірткіні медициналық емес мақсатта тұтыну деректері бойынша істер жиі қаралатынын байқауға болады.
Бұл норма жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Заңда баламалы жаза түрлері (мысалы, айыппұл) көзделмеген, өйткені мұндай әрекет қоғамға тікелей қауіп төндіреді.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 440-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, есірткі немесе психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және 10 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жазаланады.
Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қатаң әрі баламасыз жаза шараларын қолдану жолдағы тәртіп бұзушылықтарды азайтып, құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Әрбір іс жеке қаралғанымен, соттар қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың өмірін қорғауды басты назарда ұстайды.
Масаң күйде көлік жүргізу қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деп есептеледі, ал есірткіні медициналық емес мақсатта пайдалану — дереу тоқтатуды және профилактиканы қажет ететін әрекет болып саналады.
• Мас күйінде көлік жүргізу міндетті түрде құқықтан айыру мен қамауға алуға әкеледі;
• Есірткі пайдалану, тіпті көлік жүргізумен байланысты болмаса да, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады;
• Қайталанған немесе салдары ауыр істер бойынша қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының сот органдары көлік жүргізуді масаң күйде жүзеге асыру және есірткіні медициналық емес мақсатта тұтыну фактілеріне қатысты қатаң және дәйекті ұстаным сақтап келеді.
Мұндай саясат құқықтық тәртіпті нығайтуға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және адам өмірін қорғауға бағытталған.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау мен тыйым салынған заттардан бас тарту — жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің басты кепілі.
Өскемен қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
әкімшісінің басшысы Ш.А.Ислямова


