12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мас халде көлік тізгіндегуші қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды

Мақтаарал АПБ-нің патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеріс кезінде, полицейлердің назарына жүрісі күдікті, жарық шамын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігі ілінді. 
«Атакент-Мырзакент» тас жолында анықталған көлік, полицейлермен бірден тоқтатылды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның алкогольдік ішімдік ішкені күмәнданды. Медициналық зерттеу қорытындысы жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» мас екенін растады.                  
Осылайша жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593, 602, 230-баптарымен үш бірдей хаттама толтырылды. Сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеуге алынды. 
Жүргізушіге қатысты жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде көлік иесі 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.                                     Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқармауды қатаң түрде ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада күрделі ревматоидты артритпен ауыратын...

Қазақтың ақбас сиырын қайта көбейтуге кедергі жоқ

Қазақ даласында қазір сиырдың небір тұқымын кездестіруге болады. Мал...

Экономикадағы өсім: Статистикалық дектердің мәні неде?

Биыл алғашқы жеті айындаға есепті басшылыққа алсақ, ел экономикасының...

Логика реформ-4: Сильные регионы — сильная нация

Реформы в Казахстане на текущем историческом отрезке отличаются своей...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай...