Нұрболат Ақынбеков, дінтанушы: Діни сауаты төмен адам теріс ағымнан сақтана алмайды

— Бүгінде діни экстремизм мен терроризм тек Қазақстанға ғана емес, барлық әлем елдеріне қауіп тудыратын халықаралық мәселе айналып отыр. Жалпы діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не? Тарқатып айтып берсеңіз.

— Діни экстремизм және терроризм мәселесімен қазіргі таңда бүкіл әлем елдері күресіп келе жатыр. «Экстремизм» деген термин қазақша «шектеу»,  яғни ортақ оймен келіспеу деген мағынаны береді. Бұл дегеніміз мемлекеттің шығарған бір заңымен келіспеу, не болмаса мүфтияттың  шығарған пәтуасымен келіспеу. Мұның барлығы экстремисттік идеологиялар болып есептеледі. Ал «терроризм» деп бір қауіп төнген жағдайда, яғни қашан теракт жасалады соны терроризм деп атайды. Экстремизм мен терроризм түсінігінің айырмашылығы осында. Ал енді жеке-жеке тоқталатын болсақ экстремизмнің өзі «Діни экстремизм»  және «Саяси экстремизм» болып екіге бөлінеді. Бүгінгі күні елімізде белең алып жатқаны осы «Діни экстремизмге» жатады. Бірақ бұларды діни экстремизм емес діннің атын жамылған «экстремисттік топ» деп алсақ дұрыс болады. Себебі, ешқандай дін терроризмге немесе экстремизмге шақырмайды, оны насихаттамайды. Сондықтан мұндайларды діннің атын жамылған «экстремисттік топтар» деп алсақ дұрыс болады. Жалпы экстремизмнің салдары түбі терроризмге алып келіп жатады. Қалай? Мәселен, кезінде көптеген бауырларымыз «жиһад» деп қарулы қақтығыс аймағы Сирия асып кетті. Сирияға кетпей тұрып, ең алдымен бұл қадам неден басталды? Ол адам бірінші радикал болды. Ешкімнің ойымен келіспей, «тек менікі ғана дұрыс» деп шықты. Кейін ол өзі секілді радикал адамдармен қосылып, экстремисттік топқа айналды. Одан кейін не болды? Үкіметпен келіспей, Қазақстаннан Сирияға кетіп, арықарай терроризмді жасады. Мұның зардабын еліміз тартпады емес, тартты. Бүгінде бүкіл әлем осы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін күресіп келе жатыр. Бірақ әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Құранда (Бақара сүресі 217 аят): «Фитна тудыру, яғни бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр (күнә)», — дейді. Ал экстремисттік топтар мен террористтік топтар қоғамда бүлік тудырады. Сол арқылы қоғамды екіге бөледі. Өзіңізде байқап жүрген боларсыз, біздің қоғам намазхандар арасында екіге бөлініп кеткен. Бірін-бірі айыптайды. Бірі «ваххабизм» дейді, бірі «сен ханафитсің, сен салафитсің» дейді. Міне, діни экстремизм мен терроризмнен төнер басты қауіп де осы — қоғамды екіге бөлу, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіру.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін не істеу керек? Еліміз экстремизммен қалай күресіп жатыр?

— Ең алдымен діни сауаттылықты арттырудан бастау қажет. Ол үшін мектеп жасынан бастап балаларға «Дінтану» пәнін оқытқан дұрыс болады. Ол менің жеке көзқарасым. Неге? Онымен сіз қандай да бір дінді насихаттамайсыз. Керісінше дұрыс дінді ашып, көрсетіп бересіз. Сонымен қатар, «Дінтану» пәнін тарихшы мұғалім емес, дінтанушы маман оқыту керек. Өйткені тарих пен дін екі бөлек дүние. Дінтанушы өскелең ұрпаққа дұрыс дінді, дұрыс жолды көрсетіп береді. Жоғарыда атап өткендей, «діни экстремизм»,  «ваххабизм» деген дінді дұрыс түсінбегендіктен туындаған ұғымдар. Сол үшінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды ойласақ, ең бірінші дұрыс дінді насихаттау керекпіз. Мәселен, компьютерге антивирус енгізсеңіздер вирус кірмейді ғой. Тура сол секілді қоғамда дұрыс діни фундамент қалыптасса, оған бұрыс діни кірпіштер қаланбайды. Өкінішке орай, экстремисттік топтардың IT саласы дамып кеткен. Бұлай айтуыма негіз бар. Есіңізде болса, «Жусан» бағдарламасы арқылы көптеген бауырларымыз Сириядан оралған болатын. Міне, сол уақыттарда Сирияға кеткен азаматтардың ешкім келіп, қолынан ұстап, билетін алып беріп, Сирияға алып барған жоқ. Барлығы әлеуметтік желілер арқылы уланып, өздері кетті. Тіпті Жезқазғанда өзінің қаражаты жетпей, үйін сатып кетіп қалғандар да болған. Мұның барлығы ненің әсері? Әлеуметтік желілердің күші мен әсері. Тіпті қазір, сіз, «намаз оқып үйренейік», «ораза қалай ұстау керек», «дұғаны қалай жасау қажет» деп интернет парақшалардан іздесеңіз, бірінші жаңағы экстремисттік топтардың ақпараттары шығады келеді. Бұл біздің ақсап тұрған екінші тұсымыз.  Бұл тұста IT саласын дамытып, әлеуметтік желілердегі бақылауды күшейту керек деп есептеймін.

— Демек адам саналы түрде экстремисттік топқа бармайды ғой?

— Сириядан келген азаматтармен жұмыс істеген тұста, әсіресе жастармен жолыққан кезде олардың көбісі «мен ондай топқа бармаймын, Сирияға кететін ақымақ емеспін ғой» деп ойлаған. Шынымен де, Сирияға кеткен адамдардың барлығы ақымақ болған жоқ. Бұл жерде идеология рөл ойнап тұр. Мысылы, діни экстремисттер ең алдымен өздеріне топ құрады. Ол топты одан кейін қоғамнан алыстатады. Кейіннен өздерінің бұрыс идеологиясын сол топқа түсіндіреді. Нәтижесінде мемлекетке қарсы шығады. Жастар бұл топқа жеңіл қарайды. Себебі, «мен қазір мешітке барып жүрген жоқпын, демек мен экстремисттік топқа түсіп қалмаймын» немесе «намаз оқымаймын, мен Сирияға кетіп қалмаймын» деп ойлайды. Білесіздер ме, Сирияға кеткеннің барлығы уақытысында намаз оқымаған, дінге қызықпаған адамдар. Дәл солай басында қызығушылық танытпаған дүние, түптің түбінде қызығушылыққа айналады. Сол кезде экстремисттік топтар оны өзіне қаратып алады. Жастарымыз көп дүниеге жеңіл қарайды. Олар экстремизм мен терроризмнің айырмашылығын, олардан келетін қауіптің қаншалықты үлкен екенін бағамдай алмайды. Салдарынан өкінішке қарай, діни сауаты жоқ, азаматтық ұстанымы қалыптаспаған жастарымыз жат ағымға арбалып жатыр. Діни сауаты төмен адам теріс ағымнан сақтана алмайды.

Жастарға айтар ақыл-кеңесіңіз…

— Жастарымызға айтар кеңесім — ең алдымен сауатты болыңыздар! Соқыр сенімнің артынан ермеңіздер. Ол діни, яки саяси болсын барлық дүниеге ашық көзбен қарап үйреніңіздер. Себебі көптеген адасушылықтар соқыр сенімнің кесірінен болып жатыр. Сосын эмоцияға берілмеңіздер. Жастарымызды Алла Тағала тура жолға салса, біздің келешегіміз жарқын болатынына сенемін.

Әңгімеңізге рахмет!

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...