12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Марат ШУАҚБАЕВ, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері балалар бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер-фтизиатр:«ЕКІНШІ ТОЛҚЫН ЖЕҢІЛ ӨТУІ ТИІС»

Індеттің балаларға әсері қандай? Кавасаки қаншалықты қауіпті? Көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға орай білікті маманның пікірін білген едік. Жоғарғы санатты дәрігер-фтизиатр Марат Тұрланұлы әлеуметтік желіде COVID-19 дертіне байланысты сала маманы ретіндегі ой-пікірлерін өткір айтып, көпшілікпен бөлісіп отыратындығымен де танымал.

– Қазір коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Оның қаупін салыстырмалы түрде қалай бағалайсыз?
– Менің жеке пікірім, екінші толқын бұған дейінгіден жеңіл өтуі тиіс. Біріншіден, бастапқыда ешқандай дайындығымыз болмай, дәрігерлердің өзі қандай ем тағайындарын білмей абдырап қалса, қазір бұл жағынан тәжірибе жинақтадық. Медицина мамандары қалай күресу керектігін үйренді, дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдық қорын жинақтадық. Екіншіден, тарихты қарап отырсаңыз, тұмаудан бөлек, халықтың 40 пайызына дейін жалмап кеткен шешек (черная оспа) деген жұқпалы ауру болған, бірақ олар екінші қайтара айналып соқпаған. Салыстыру үшін айтсақ, коронавирус инфекциясынан болған шығын әлем бойынша 3,6 пайызға бағаланып отыр, ол қатты соққан Үндістанда 10 пайызды құрап, Италия, Франция елдерінде 10 пайызға жақындады. Себебі, кей ғалымдардың пайымдауынша, вирус көбейіп, келесі адамдарға жұққан сайын әлсіреп, түрін өзгерте бастайды. Жалпы, вирустың өзі клеткада болмаса, қоршаған ортада көбейе алмайды. Түсініктірек болу үшін айтсам, көгалда жайылып жүрген сиыр ол жердің шөбін құртуды емес, қарнын тойдыруды ойлайды ғой, сол сияқты, вирус та біреуді құртайын, жояйын деген мақсатпен келмейді, оның болмысы – көбею, жайылу. Тағы да қарапайым мысал келтірсем, допты бірінші рет соққанда серпіні қатты болады да, одан кейінгі соққыларда біртіндеп азаяды. Вирусқа қатысты да соны айтуға болады. Оның күші біртіндеп әлсіреуі керек. Әрине, бұл арқаны кеңге салып қарап отыру керек дегенді аңғартпайды. Естеріңізде болса, маусым айында карантин режимін бірден әлсіреткен кезде дерт өршіп кетті. Демек, аурудың таралуына жол бермеу өзімізге байланысты. Әсіресе күздің келуімен есік-терезені жабамыз, оқу басталып, қарым-қатынас көбейеді, осы кезде барынша сақтанғанымыз дұрыс.
– Күз айында кәдімгі үйренген тұмауымыз да келмей ме? COVID-19 инфекциясы сонымен қабаттасып келіп, тағы да шатастырып жүрмей ме?

– Бізде тұмау ақпан айында басталады, оған дейінгі болатын – басқа инфекциялар. Тұмау шілде, тамыз айларында Орта Азия елдерінде басталып, бізге ақпанда жетеді. Ал көзі қарақты дәрігер жедел респираторлық ауруларды (ОРВИ) симптомдарына қарап анықтап, айыра алады. Мәселен, риновируста науқастың мұрнынан су ағуы, аденовируста көзі былшықтануы мүмкін деген сияқты. Бұлардың бәрінде де адам түшкіріп, мұрны бітіп, берекесі кетеді. Ал коронавируста бұл белгінің көбі жоқ, мәселен, онда, керісінше, кісінің тамағы құрғайды, иіс, дәм жоғалтады, ағзадан көп сұйықтық бөлінбейді.
– Екінші толқында балалар ауырады екен деген болжам айтылып, үрей туғызып жатыр. Кавасаки синдромы деген ауруды да енді естіп-біліп жатырмыз.
– Кавасаки – коронавирус инфекциясынан бұрын да бар ауру. 1961 жылы жапон ғалымы ашып, соның құрметіне қойылған. Қазір оның жасы 95-те көрінеді. Ол бес жасында анықтап, емдеп жазған пациенті де тірі деседі. Кавасакидің неден туындайтыны анықталмаған, оны бактериялар мен вирустар тудыруы мүмкін.
Көңілге демеу болатыны, бұл – өте сирек дерт, шамамен мың баланың біреуінде ғана кездесуі мүмкін. Қазақстанда коронавируспен бір жарым мың бала ауырды десе, соның ішінде 11 інен кавасакиге ұқсас ауру белгілері табылған. Ұқсас деп отырғаны, оның қазіргі симптомдары классикалық түріндегіден бөлек. Айталық, жапон ғалымы оның бес жасқа дейінгі балаларда кездесетінін айтқан, қазір ол жасөспірімдерде де кездесуде. Бұған COVID-19 дерті де ықпал етуі ықтимал. Классикалық түрінде өкпеге су жиналмайды, өкінішке қарай, бүгінде мұндай ерекшелік те ұшырасып отыр. Қалай болғанда да, бұл жерде патогенез бір, ол – тамырдың ішкі қабатының қабынуы. Адам денесінде тамырмен ең көп қамтылған ағза – өкпе. Онда 50 мың км тамыр бар, мысал үшін айтсақ, жердің меридианы 40 мың шақырым болады. Екінші орынға миды айтады, мен ішекті одан бұрын да қояр едім. Үшінші орында – жүрек. Кавасакиде бас ауырып, ауа жетпей, тыныс тарылатыны сондықтан. Негізінде, 18 жасқа дейінгі жастардың өкпесінде еш ақау болмауы, олардың иммунитеті өкпеге салмақ түсірмеуі тиіс. Осы жерде біздің дәрігерлер тарапынан да мынадай қателік болмауы тиіс. Кавасаки немесе оған ұқсас дертте бірінші күні баланың қызуы көтеріліп, келесі күндері денесінің қолтық сияқты жерлерінде бөртпелер пайда болады. Одан кейін мойнын бұрғанда ауырсынып, без пайда болып, өсуі мүмкін. Кейбіреулер бөртпенің пайда болуын аллергиядан деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Аллергия ешқашан дененің қызуын көтермейді! Баласынан қалай осы белгілер байқалды, ата-ана солай дереу дабыл қағуы керек! Емді ерте бастау тамырдың қабынуының алдын алады.
– Бала-шағамызды инфекциядан қалай сақтаймыз? Сіздіңше, не істегеніміз дұрыс?
– Мен жақында «Инвитро» зертханасының тестілеу қорытындысының нәтижелерімен таныстым, оған сүйенсек, тексерілген қазақстандықтардың 56,7 пайызынан коронавирусқа антидене табылған, он сегізге дейінгі пациенттердің 48,8 пайызы оң көрсеткіш көрсеткен. Яғни, менің ойымша, балалардың көпшілігі бірінші толқын кезінде көшеден ойнап келіп, анда-мында жүріп, одан үйде қарт кісілер болса, соларға жұқтырып, бұл дерттен симптомсыз тасымалдаушы ретінде өтіп кеткен сияқты. Дегенмен салмағы ауыр, қант диабетімен ауыратын, онкологиялық есепте тұрған, басқа да иммунитетті төмендететін дәрі қабылдайтын ұл-қыздардың ауру жұқтырмауын аса қадағалауымыз керек.
– Сіз әлеуметтік желіде белсендісіз, ой-пікіріңіз тосын және оны өткір айта салатыныңыз бар. Не үшін?
– Мен эпидемиолог дәрігер емеспін, бірақ кез келген дәрігер оның негіздерін бірінші кезекте оқып-үйреніп, таныс болуы керек деп ойлаймын. Бұған дейін Махамбет ауданында тұрдым, сол кезде ақ халаттылардың өздері ауру жұқтырып, науқасқа баратын медицина қызметкері қалмаған қиын кездер есімде. Қазір де ақыл-кеңес, көмек сұраған адам болса, білгеніммен бөлісемін, қол ұшымды беруден тартынбаймын. Коронавирус ауруына байланысты хаттамада науқасқа басқалармен қатар, психолог көмегі де қарастырылған екен. Соған қарамастан, сөз етіп отырған инфекцияға шалдыққан жандар тарапынан психологиялық көмек сұрап жүгінгендер болды. Осы аурудың салдарынан өмірмен өз еркімен қоштаспақ болған науқасты алған бетінен қайтарып, жазылып шығуына септігім тиді. Өз басым енді арада үш жыл өткеннен кейін көп адамда иммунитет қалыптасып, COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациентті дәрігер жай тұмаумен келген адамдай қабылдайтын кез болады деп ойлаймын. Ол үшін бетперде кию ғана жеткілікті болуы ықтимал. Біз әдепкіде қалай күресу керектігін, не істеу керектігін білмедік, сол себепті денемізді бастан-аяқ тұмшалап, көзілдірік киіп, саңылау қалдырмастан жауып алдық. Сол сияқты науқас емделіп шыққаннан кейін тағы он төрт күн оқшаулап ұстау да артық болуы мүмкін. Шүкір, қазір бұл дертпен күресуге біршама дайынбыз. Қызметкерлер арнайы оқудан өтті, амбулаториялық емдеуге
арналған дәрі-дәрмек жасақталды. Соғыспасаң – жауыңды, татып көрмесең астың дәмін білмейсің ғой, ел болып, бұл қиыншылықты да еңсерейік!
– Сұхбатыңызға рақмет.
Әңгімелескен
Құралай ҚУАТОВА

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...