Манты тағамының ішінен флешка табылды

17.09.2022 жылы жергілікті уақытпен сағат 12 : 30 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінде ( тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеді.

Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған бұл азаматша, мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК- нің 297 бабы 3 бөлігі 1,3 тармағымен айыпталушы 1980 ж туылған азаматқа сәлемдеме әкелген әйелі болып шықты.

Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем- сауқаттарды жіті қадағалау барысында, манты ыстық тағамының ішінен фольгаға оралған 1 дана сұр түс флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...