Мамырда елімізде қандай өзгерістер болады?

Мамырда қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс пен жаңалық күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңызды өзгерістерге шолу жасады.

  • ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі өзгереді

Мамырда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі өзгереді, себебі қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді. 4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал 8 мамырда тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады. 10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады. 

  • Мамырда ауа райы қандай болады?

Мамырда күн 40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін. Қазгидромет мамандарының айтуынша, солтүстікте күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін, ал оңтүстікте +40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

«Айдың көп бөлігінде жоғары температура болады деп күтіліп отыр. Республикамыздың солтүстік жартысында күндіз +25+35°C дейін ысуы мүмкін, оңтүстік жартысында +30+40°C дейін. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін, еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін болады», — деді Қазгидрометтің бірінші дәрежелі инженері Сымбат Өсер. 

  • Мамырда қанша күн демалыс болады?

Қазақстанда мамырдағы демалыс күндері ауысты. Демалыс күні 4 мамыр, сенбіден 8 мамыр, сәрсенбіге ауысады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр — сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

  • Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

Оның айтуынша, бағдарламаны «Отбасы банкі» қаржыландырады. Биыл 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік осал тобына арналған тағы бір жеңілдетілген ипотеканы іске қосуды тапсырған еді.

  • Астана халықаралық әуежайы түнде жұмыс істемейді

Астана халықаралық әуежайы 1 мамырдан бастап түнгі уақытта жұмыс істемейді. Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты өзгерістер енгізілді.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

  • Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады

Қазақстанда соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

©️ Tengrinews.kz 

Ал бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырау 1 маусымда болатыны айтылған еді.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...