Мамандырылған ауданаралық эконоикалық соттарда талап қою арызын қараусыз қалдырудың негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу жүйесінде талап қою арызын қараусыз қалдыру институты сот өндірісінің тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды процессуалдық құралдардың бірі болып табылады. Бұл интитуттың мақсаты – сот өндірісін негізсіз созуға жол бермеу, тараптардың процессуалдық міндеттерін адал орындауын қамтамасыз ету және соттың уақытын тиімсіз пайдаланудың алдын алу. 

Мамандырылған ауданаралық экономикалық соттар негізінен заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арасындағы экономикалық және кәсіпкерлік қызметке байланысты дауларды қарайды. Мұндай істерде тараптардың кәсіби денгейі жоғары болғандықтан, процессуалдық тәртіпті сақтау мәселесі ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сот талап қою арызын белгілі бір жағдайларда қараусыз қалдыруға құқылы. Бұл шешім істің мәні бойынша  шешім қабылдауды білдірмейді және тараптарға тиісті процессуалдық кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан сотқа жүгіну құқығын сақтайды. 

Экономикалық соттардың тәжірбиесінде талап қою арызын қараусыз қалдырудың негіздері төмендегі бір қатар себептер болып табылады:

  • Талапкер немесе оның өкілі сот отырысына дәлелді себепсіз келмеген жағдайда және істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш бермесе;
  • Тараптар арасында дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңмен немесе шартпен міндетті түрде көзделген болса және талапкер бұл тәртіпті сақтамай сотқа жүгінсе;
  • Талап қоюшының әрекетке қабілеттілігіне немесе өкілдің өкілеттіктеріне байланысты процессуалдық кемшіліктер жойылмаған жағдайда;
  • Тараптар арасында, дәл сол дау бойынша және дәл сол негіздер боынша басқа сотта іс қаралып жатқан жағдайда;
  • Талапкер сот белгілеген мерзімде талап қою арызындағы кемшіліктерді жоймаған жағдайда, мемлекеттік баж төленбесе немесе қажетті құжаттар ұсынылмаса.

Сот тәжірбиесінде талап қою арызын қараусыз қалдыру институтын қолдану кезінде, соттар тарапратдың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ерекше назар аударуы тиіс. Бұл процессуалдық шара талапкерді сот қорғауынан айыру мақсатында емес, сот өндірісін тәртіпке келдіру және заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Осылайша, талап қою арызын қараусыз қалдыру институты мамандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қызметінде маңызды процессуалдық тетік болып табылады. Ол сот төрелігінің тиімділігін арттыруға, сот жүктемесін оңтайландыруға және тараптардың процессуалдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Судья СМЭС области Ұлытау

Шаянова Г.Т.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...