МАМАНДЫҚ ТАҢДАЙ БІЛУ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары Э.Қ.Бектурова мен Г.Қ.Қазыбек Алматы қаласының Алмалы ауданындағы № 167 жалпы білім беретін мектепке барып, 11 сынып оқушыларымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Мектеп басшылығы университет оқытушыларын биылғы түлектермен кездесуіне барлық жағдай жасап берді.

Қазақстандағы ең беделді университеттің оқытушылары мектеп оқушыларына жалпы білім ордасы мен филология факультетін жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар арнайы   шетел филологиясы және аударма ісі мамандықтары туралы тоқталды. Буклеттер таратты. Аталған  екі мамандықтардың өзгешеліктерін нақты мысалдар арқылы түсіндірілді, арнайы дайындалған бейнеролик те көрсетілді. Студенттік өмір туралы да оқушылар қызығушылық танытты. Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған мәселелер бойынша көптеген қызықты сауалдар қойды.

Университет оқытушылары қазақ халқының ұлы азаматтарының бірі Ж.Аймауытұлының : «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»,- деген қанатты сөзін ескере отырып, болашақтағы мамандықты дұрыс таңдай білу керектігін басты назарға ұстауға шақырды.

Қызықты іс-шара соңында кафедра оқытушылары мектеп түлектерін қазақ білім ордасынан білім алуға шақырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Э.Қ.Бектурова., Г.Қ.Қазыбек

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....