МАКИНСК ҚҰС ЕТІН ӨНДІРУДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА

Ақмола облысындағы Макинск құс фабрикасы елімізде құс етін өндіру көлемі бойынша бірінші орында.

Ақмола облысының Бұланды ауданында Қазақстандағы ең ірі құс фабрикаларының бірі жұмыс істейді. Өндірістік қуаты 90 мың тоннадан асатын ірі кәсіп мекемесі жыл сайын шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайтуда. Мысалы, 2019 жылы шығарылған құс етінің көлемі 27 471 тоннаны құраған, бұл көрсеткіш артып келеді: 2020 жылы 31 183 тонна, 2021 жылы 61 554 тонна, 2022 жылы 59 283 тонна, өткен, 2023 жылы 81 345 тонна өнім шығарылды. – Жыл басынан бері құс фабрикасы 18,6 млрд теңгеге 18,7 мың тонна ет өндірді. Жұмыс цехтары әлемдік өндірушілердің жабдықтарын қолдана отырып, қалдықтарды инкубациялау, өсіру, сою және қайта өңдеу саласындағы заманауи технологиялармен жүзеге асады. Бүгінгі күнде Макинск құс фабрикасы өнімді ішкі нарыққа тұрақты жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейге өнімді экспорттауға мүмкіндік береді, – дейді фабрика өкілдері. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайтып, оны 70%-ға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Оның ішінде терең өңдеуді дамыту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдау және жаңа кәсіпорындар ашу үшін жағдай жасау туралы айтылған. Президенттің айтуынша, отандық өнім біздің нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар, шетелде сәтті бәсекеге түсуі керек. Бұл бағытта жаңа технологияларды интеграциялау өте маңызды, бұл өнімділікті арттырады және сапаға тікелей әсер етеді, оған мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп жатыр. Макинск құс фабрикасы еліміздің басқа да өңірлерінде өндіріс ашып, ішкі нарықты дамытуда. Мысалы, бүгінгі таңда Өскеменде Макинск құс фабрикасынан басқа өз өндірісіндегі құс етінен шұжық өнімдері мен деликатестер өндіретін зауыт жұмыс істейді. Сондай-ақ, болашақта Алматы облысындағы Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында 240 мың тоннаға арналған Алматы құс фабрикасын ашу жоспары қарастырылуда. Ол ТМД-дағы ең ірі жоба болады деп күтілуде. Фабрика басшылығының мәліметіне жүгінсек, құрылысты келесі жылы бастау күтілуде. Бұдан басқа, Алматы облысында 100 мың тонна құс етін өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Жалпы, қуаттылықты арттыру елдің құс етіне деген ішкі қажеттілігін толық жабу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Өндірістегі оң өзгерістерге Ақмола облысының тұрғындары ғана емес, жалпы еліміздің басқа өңірлері де риза. – Бірнеше жылдан бері осы фабриканың құс етін қолданып келеміз, отбасымызбен бірге жейміз. Барлық өнімі ұнайды, оның ішінде тауық еті, шұжық, маринадталған барбекю, кішкентай шұжықтардан неше түрлі тағам әзірлейміз. Өзің білетін, сенетін отандық өнімнің бар болғаны қуантады. Өзім Көкшетаудан боламын, бірақ Астанада тұрамын, достарым да осы өнімді сатып алады, сондай кезде өзімнің туған өлкемде осынау ірі кәсіптің барын айтып, әрдайым мақтан тұтамын, – дейді Астана қаласының тұрғыны Фархад Ибрагимов. Биыл өңірдің тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,6 млрд теңгеге немесе 104,3% тауар шығарды. 2024–2026 жылдары 123,6 млрд теңгеге 74 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Ірі кәсіпорын еліміздің ішкі нарығы мен азық-түлікті қамтамасыз етіп қана қоймай, ақ молалықтарды жұмысқа орналастыруға септігін тигізуде. Мысалы, қазіргі уақытта үш мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілген, олардың айлық жалақысы орташа есеппен алғанда 350 мың теңгені құрайды. Фабрика бұдан басқа да өңір тұрғындарына көмек көрсетеді, мысалы бірнеше жыл бұрын «Ауыл мектебі» республикалық жобасы аясында Бұланды ауданының мектеп гимназиясына модификация кабинеттері ұсынылды. «Аitas» холдингі мектепке 35 миллион теңгеден астам қаржыға инженерия, көркем еңбек, информатика, робототехника, кітапхана кабинеттеріне арналған жабдықтар ұсынды. Кабинеттерде косметикалық жөндеу жүргізілді. – Көркем еңбек пәнін өткізу үшін инженерия кабинеті жабдықталған, онда ағаш өңдеу, металл өңдеу станоктарының бірнеше түрі, жұмыс үстелдері, оқушылардың жұмыстарына арналған құралдар, көркем еңбек және аспаздық кабинеттері бар. Аспаздық шеберханасы заманауи ас үй жабдықтарымен, тұрмыстық техникамен және асхана керек-жарақтарымен жабдықталған. Көркем еңбек шеберханасында тігін жабдықтары, сонымен қатар көрнекі құралдар мен жұмыс құралдары бар. Сондай-ақ, бұл шеберханада сурет салуға арналған жабдықтар, гипстен жасалған көрнекі бұйымдар бар. Жергілікті кәсіпорын иелеріне алғысымыз шексіз, – деді Бұланды ауданының білім бөлімінің басшылығы. Айта кету керек, былтыр Орта Азиядағы ең ірі өндірістің үшінші кезеңі дайындалып, зауыттың қуаты артты, екінші кезеңнің басталуымен құс фабрикасы Орта Азиядағы ең ірі өндіріс болды. Ең бастысы, мұнда сол уақытта бір жарым мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Бұл кәсіпорын жұмысының әсерін тек облыстың ғана емес, бүкіл елдің тұрғындары да сезінді. Енді оларға жаңа тауық еті қолайлы бағамен қолжетімді. Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша, кәсіпорынның үшінші кезегін енгізу үшін әрқайсысында 12 құс қорасынан төрт бройлер алаңын, инкубатор салу, жаңарту, атап айтқанда қосымша технологиялық жабдықты монтаждау іске асырылуда. Оның аясында инфрақұрылым құрылысын дамыту жүзеге асуда: сумен, электрмен, газбен жабдықтау желілері, КЕГОК қосалқы станциясын кеңейту арқылы, бройлер алаңдарына кірме жолдармен, бройлер алаңдары арасындағы жолдарды дамыту көзделген.

Бақыт МАХАМБЕТҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...