МӘМС жарнасы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

Қазақстанда жоғары айлық алатын тұрғындар МӘМС-ке көбірек жарна төлеуі мүмкін. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада МӘМС тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі басшыға сұрақ қойды.

«Қазір МӘМС-ке аударылатын жарна қазақстандықтардың табысының 2 пайызынан алынады. Бірақ бұл талап айлығы 850 мың теңгеден асатын тұрғындарға жүрмейді. Себебі, 850 мың теңгеден артылған сомадан МӘМС жарнасы алынбайды. Елімізде еңбек өтілі жоғары министрлер мен әкімдердің жалақысы 1,2 млн теңгеден асатынын білеміз. Демек олар МӘМС жарнасына осы 1,2 млн теңгенің 2 пайызын емес, 850 мың теңгенің 2 пайызынан ғана төлейді. Бұл әділетсіздік емес пе?», — деді журналист.

Әбілқайыр Сқақов аталған мәселені Денсаулық сақтау министрлігі қарауға алғанын атап өтті.

«Сіздің айтқаныңыз рас. Қазақстандықтың айлығы 850 мың теңгеден асса, МӘМС жарнасы артық алынбайды. Бүгінде ДСМ осы мәселені қарастырып жатыр. Министрлік тарапынан ұсыныс бар. Қорымыз да өз есептерін берді. Болашақта басқа мемлекеттік органдар қолдайтын болса, заңнамаға өзгеріс енгізу бастамасы ұсыныс ретінде енгізіледі», — деді басшы.

Төраға 850 мың теңге болатын шекті 4,5 млн теңгеге дейін көтеру ұсынылып отырғанын айтты.

«Қазір шекті мөлшер 10 минималды айлық болса, оны ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшеріне дейін көтеру ұсынылып отыр. Демек 850 мың теңгеден 4,5 млн теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр», — деді Әбілқайыр Сқақов.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.