МӘМС БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТА: ГЕРМАНИЯДАН КЕЛГЕН КАРДИОХИРУРГ ЖЕТІСУ КАРДИООРТАЛЫҒЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ

Жетісу облыстық кардиологиялық орталықта өңір медицинасындағы маңызды оқиға – халықаралық мастер-класс өтті. Іс-шара барысында әлемге әйгілі кардиохирург, Германиядан келген профессор Торстен Ханке жүрек аритмияларын емдеуге бағытталған көрсетілімдік операциялар жүргізді.
Профессордың жетекшілігімен митральды, аорталық қақпақшаларды протездеп, қолқа-тәжді шунттау және өткізгіш жолдарды криоабляциялау процедурасын, сондай-ақ криоабляция процедурасымен митральды қақпақшаны протездеу орындалды.
Торстен Ханке Гамбург қаласындағы Asklepios Klinikum Harburg клиникасының жетекші кардиохирургы ретінде аритмияларды емдеудің ең жаңа әдістеріне маманданған. Ол крио және радиожиілік абляциясын басқа операциялармен қатар қолдану және дербес емдеу әдісі ретінде де табысты қолданады. Оның келуі мен мастер-класс өткізуі облыстағы кардиохирургия саласының одан әрі дамуына серпін беріп, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік болды.
Профессор өткізген оталар жоспарлы түрде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілгенін атап өту маңызды.
Облыстық кардиологиялық орталық директорының айтуынша, мұндай операциялар аймақта алғаш рет өткізіліп отыр және алдағы уақытта облыстық кардиоорталықтың тәжірибесіне кеңінен енбек.
«Болашақта мұндай оталар орталықтың күнделікті тәжірибесінің бір бөлігіне айналады. Инновациялық әдістерді енгізу Жетісу облысының кардиологтарына жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, облыс тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізіп, жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттердің өмір сапасын жақсартатынына сеніміміз мол», – дейді Нұрсан Сұрашев.

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...