12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәдени мұраны сақтау: «Шаһар шырайының» кезекті санында суретші — реставратордың еңбегі баяндалады

Шығарылымның кейіпкері – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР өнер мұражайының суретші-реставраторы Гүлжан Қалдыбаева

Almaty TV-де «Шаһар шырайы» арнайы жобасы көрсетіле бастады. Жобаның басты мақсаты – өз өмірін сүйікті ісіне арнаған, кәсібилігімен, еңбекқорлығымен қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жандарды көрсету, таныту.

Реставрация өнер әлемінде ерекше орын алады, өйткені ол туындыны қайта қалпына келтіріп қана қоймай, оның  тарихы келбетін сақтайды. Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының реставраторы Гүлжан Қалдыбаева бұл жұмыстың маңызын түсінеді.

«Реставрация — жай ғана жұмыс емес, бұл – медицинамен салыстыруға болатын өнер. Біз дәрігерлер сияқты әрбір жұмысқа науқастың ауру тарихын – «қалпына келтіру паспортын» жасаймыз. Бұл паспортта зақымданған тұстары түгел жазып,  диагноз қойып, іс-шаралар жоспарын әзірленеді. Бұл әдіс әрбір жұмысты мұқият және кәсіби түрде қалпына келтіруге мүмкіндік береді», — дейді Гүлжан Қалдыбаева.

Гүлжан Ахмадиқызы өнер жолы көркемсурет училищесінен бастады. Одан кейін мектепте мұғалім болды, 1985 жылы еңбек жолын Орталық мұражайға ауысып, дизайнер ретінде бастады. Араға уақыт салып реставратор болды. Жыл сайын ол тәжірибе мен сенімділік жинады, бұл оған өнер туындыларын тереңірек түсінуге және бағалауға мүмкіндік берді.

«Өмірден өткен суретшілердің шығармаларына құрметпен қарап, мұқият болған жөн. Әр бөлшектің өзіндік тарихы бар. Әбілхан Қастеев – пейзаждары мен акварельдері мені шабыттандыратын сүйікті суретшім. Оның еңбекқорлығы мен таланты суретші жұмысына сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға мәжбүр етеді», — дейді суретші- реставратор.

Маманның пікірінше, реставрация – тек қалпына келтіру ғана емес, тарих пен мәдениетті сақтау.

«Мен күн сайын өнер туындыларымен жұмыс жасағанда, бұл процестегі рөлімнің қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Әбілхан Қастеевтің және басқа да ұлы суретшілердің мұрасын сақтауға үлес қоса алғанымды мақтат тұтам», — деді Гүлжан Қалдыбаева.

Айта кетсек, Almaty TV-де «Made in Almaty», «Алматы көшелері» «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сияқты бірқатар жаңа бағдарлама мен жаңалықтар айдары жарық көрді. Жуырда «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобаларын шығару жоспарда бар.

«Шаһар шырайы» жобасының бұған дейінгі кейіпкерлері цирк әртісі Батыр Жанұзақ  «Алматы Су» холдингінің слесарь-механигі Назымбек Қалиев, шаңғы инструкторы Олжас Мыңбаев, экоблогер Меруерт Салықова, Алматы метрополитені электр депосының маманы Мәди Асаубаев, құрылысшы Қадырбек Ижанов және «Алматы Тазалық» механизаторы Дастан Жақия болған еді.

Әдеп кодексі – жоғары талап өлшемі

«Судья – бұл сөйлейтін заң, ал заң – мылқау...

Заңды білген зардап шекпейді

Құқықтық сауатты арттыру азаматтардың өзіне ғана емес, мемлекетке де...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қай мемлекетте, қай кезде болсын өзекті....

Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті

Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары...

«Әулие-Ата — кітап оқитын өңір»

Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» болып жариялануына...