Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Президенттің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Самұрық-Қазына» қорының сайтына сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Үкіметпен келісе отырып, Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бүгін, 14 сәуірде Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылы қаңтарда Президент кеңесшісі болып тағайындалған еді. Айта кетейік, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі қызметінде 4 ай қызмет еткен болатын.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.

2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері — басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін » ТеңізСервис «ЖШС бас директоры болып қызмет етті. 

2010-2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап энергетика вице-министрі болды. «Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.

«Таза Қазақстан»: Астанада футбол ардагерлері мен жас чемпиондар ағаш отырғызды

Астанада футбол ардагерлері, елордалық спортшылар мен жас чемпиондар «Таза...

КІТАП – ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРАР АСЫЛ МҰРА

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке...

Қызмет алушы құқығы-басты назарда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша нақты шаралар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Сот-фототехникалық сараптаманың қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері

Мақалада сот-фототехникалық сараптамасының құқық қорғау және сот жүйесіндегі рөлі,...