Маңғыстауда есепте тұрған екі сотталған қайта қамауға алынды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Ақтау қалалық пробация қызметінде жыл басынан сотпен белгіленген жаза тәртібін 18 сотталған бұзған. Оларға қатысты Ақтау қалалық сотына өтелмеген жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы құжаттар жолданды. Соттың шешімімен материалдардың 6-ауы қанағаттандырудан бас тартылып, 8-і қанағаттандырылды.

Қыркүйек айында сотталғандар Д. мен Е.-ге қатысты Ақтау қалалық пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, үкім заңды күшіне енді. Ақтау қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторлары учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп аталған сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына жапты. Кейін олар тергеу изоляторына қамалды. Енді сотталғандар қалған жазаларын қылмыстық-атқару мекемелерінде өтейтін болады.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...