12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Маңғыстауда 245 мыңнан астам адам референдумға дауыс беруге келді

Маңғыстау облысында халықтың референдумға қатысу белсенділігі қалыпты деңгейде болды. Маңғыстауда 245 мыңнан астам адам референдумға дауыс беруге келді. Оның 174 503, яғни 71% жақтап дауыс берген, — деп хабарлады Маңғыстау облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаров.

Облысымызда референдум ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы — 8 аумақтық референдум комиссиялары жұмыс істеді. Сонымен қатар Ақтау қаласы бойынша -78, Жаңаөзен қаласында 37, Бейнеу ауданында 28, Қарақия ауданы бойынша – 16, Маңғыстау ауданы нда– 22, Мұнайлы ауданы бойынша – 36, Түпқараған ауданында – 14, барлығы 231 референдум учаскесі, оның ішінде азаматтарды тіркеу орны бойынша 217 учаске әлеуметтік нысанда, 14 жабық түрдегі учаскелер басқа типтегі нысандарда референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға қызмет көрсетті. Бұл учаскелік комиссиялардың жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны 1625 комиссия мүшелері тартылды,-деді Жармағанбет Айтуаров.

Жалпы Маңғыстау облысында қала, аудандарда 231 референдум учаскесі жұмыс істеді. Барлық учаске таңертең 7:00-де ҚР мемлекеттік әнұранымен ашылды. Дәл 20-да жабылды.

Референдумға қатысушылар әр саланы, әр жас шамасын қамтыды. Сарбаздар, соғыс ардагерлері, мүгедектер, перзентханадағы аналар, шетелге шыққан жерлестер де саяси науқаннан қалыс қалмады. Мәселен, кәмелетке толып, алғаш рет дауыс бергендер мен 100 жасқа жеткен кейуаналар да болды.

Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылының тұрғыны 100 жастағы Мәриям Жұмашева республикалық референдумға қатысты. Ғасыр жасаған әже 6 баласынан 32 немере, 12 шөбере сүйіп отыр. Ол саяси науқанды қуана қабылдап, дауыс беру үшін сайлау комиссиясы мүшелерін үйіне шақыртты. Ал, Бейнеу ауданында ғасыр жасаған әже бүкілхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді. Сырға Қалиева 1922 жылы 1 қаңтарда Бейнеуде дүниеге келген. «Ғасыр әже» деген атпен танымал кейуана өз учаскесіне барып, ел игілігі үшін дауысын берді.

-Жастардың бастамасы оң болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді мына жастар қиындық көрмегей. Соғыс пен ашаршылық болмағай. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деп Сырға әже батасын берді.
Түпқарағандық Елдос Нұргелдинге бұл тарихи күн болды.

– Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласының тұрғыны жақында 18 жасқа толды. Жалпыұлттық референдумға қатысып, өз дауысын берді.

– Бүгін ерекше күн. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын. Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр, — дейді ол.

Шетелде жүрген маңғыстаулық азаматтар да дауыс берді. Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустемабад Айдарханов елден жырақта жүрсе де өз таңдауын жасап, оң өзгерістерге өз үлесін қосты. Іс сапарда жүрген ол Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында орналасқан ҚР елшілігіне барып дауыс берді.

-Барсам, біздің азаматтар көп екен. Кезекке тұрдым. Бәріміз танысып, мәре-сәре боп қалдық. Азаматтар мемлекетіміздің тағдыры үшін, болашағы үшін алаңдаулы және өзгерістерге сеніммен қарайтындығына көзім жетті, — деді ол.

Маңғыстаулықтар «Референдум» онлайн марафонына да қатысты.

Маңғыстау облысы тікелей эфирде Ақтөбе облысынан кейін сөз алып, референдум бойынша өңірдегі жағдайды баяндады. Марафонда Маңғыстау облысының атынан «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі Бағлан Кеңбейілов пен Референдумды қолдау қоғамдық штабының жетекшісі Бекмұрат Жүсіпов сөз сөйледі.

— Референдум нәтижесінде қазіргі Конституциядағы 30-дан астам бапқа өзгеріс енгізілмек. Бұл саяси жүйені қайта құру шараларын қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматын жаңартып, Конституциялық реформаның қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделмек. Әр азамат Конституцияға өзгерістер енгізудің өзектілігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы. Президенттің Конституцияға ұсынылатын түзетулерді бүкілхалықтық дауыс беруге шығарғаны өте дұрыс шешім деп ойламыз, — деді Бекмұрат Жүсіпов.
Ал «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі Бағлан Кеңбейілов өңірдегі сайлау учаскелерінің жағдайын баяндады.

-Бүгін қоғам өкілдері облыстың барлық учаскелерінде бар. Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінде рәсімдерді бұзу фактілері анықталған жоқ. Партиялық емес байқаушылар ұйымы, Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы, облыстық кәсіподақ орталығы тарапынан облыста орналасқан 217 ашық учаскесіне 651 өкіл ашықтық пен дауыс беру тәртібінің орындалуын байқау бойынша жіберілді. Таңертеңнен бастап өңір тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланды, деді Бағлан Кеңбейілов.

Жазира Қуанышбекқызы

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...