Маңғыстау облысында сотталғандарға электронды білезіктер тағыла бастады

Электронды байқау құралы ең алдымен жаза өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылады. Пробация қызметі талапты орындамайтын сотталғандарды осы арқылы бақылауға алмақ.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне барлығы 41 дана электрондық бақылау құрылғысы бөлінді. Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша 12, Мұнайлы ауданы — 9, Жаңаөзен қаласы — 9, Бейнеу ауданы — 3, Қарақия ауданы — 1 білезік бас бостандығын шектеу жазасына сотталған тұлғаларға, яғни қайта қылмыс жасауға бейім тұлғаларға тағылды.

— Білезіктің белбеуі оңайлықпен шешілмейді. Бұл құрал жеңіл, еш кедергі тудырмайды. Су өтпейді. Қуаты бірнеше күнге дейін жетеді, сотталған құралды үнемі қуаттандырып отыруға міндетті. Білезікті таққаннан кейін сотталғанның жүріс-тұрысы GPS арқылы көріп отырамыз. Ақпараттың барлығы планшетте болады, — дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық ету бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Нұрбол Тұрышев.

В Мангистауской области начали устанавливать электронные браслеты для условно отбывающих наказание и тех, кому ограничена свобода. Электронный инструмент наблюдения применяется в первую очередь к тем, кто постоянно нарушает условия отбывания наказания. Служба пробации намерена взять под контроль осужденных, не выполняющих требования.

Всего Департаменту уголовно-исполнительной системы по Мангистауской области выделено 41 электронное контрольное устройство. В настоящее время установлено  по городу Актау — 12 осужденным, по Мунайлинскому району — 9, по городу Жанаозен — 9, по Бейнеускому району — 3, по Каракиянскому району — 1, т. е. это те лица, склонные к повторным преступлениям.

— Ремешок браслета не легко снимается. Средство легкое, не создает дискомфорта. Водонепроницаем. Зарядка рассчитана на несколько дней, и осужденный обязан регулярно заряжать прибор. После надевания браслета каждое движение осужденного мы можем увидеть через GPS. Вся информация будет на планшете, — говорит и. о. начальника отделения по руководству Службами пробации ДУИС по Мангистауской области майор юстиции Нурбол Турышев.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...