12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мақтааралдық полицейлер жыл басынан бері жалпы 1630 құқық
бұзушылықты анықтады

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің полицейлері ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2022 жылдың 7 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1630 құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» — 103, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» — 5, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы «Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы» — 3, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзуы» — 1, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» — 41 құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» — 489, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» — 440, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» — 24, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» — 206 құқық бузушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу» — 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» — 7, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бап 2- бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» — 227, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» — 74 құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды тексеру кезінде адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас халде жүрген 206 тұлғаны анықтап, олардың әрқайсысына айыппұл салған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...