Сотталғандар үшін электронды бақылау құралы енгізілді. Инновациялық электрондық бақылау білезігі сот шешімімен бас бостандығынан айрылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ шартты түрде сотталғандарға қолданылатын болады.
Түркістан облысы Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бас бостандығы шектелген және шартты түрде сотталған адамдарға электрондық бақылау құралы тағылды. Ал егер азамат 1 жыл мерзімде қайта қылмыс жасамаса, құралды уақытынан ерте шешуге болады. Мақтааралда 4 сотталғанға электронды білезік тағылды.
Бас бостандығы шектелген және шартты түрде сотталған азаматтарға бұдан былай дәл осындай электронды бақылау құрылғысы тағылады. Ал егерде оны үзгісі келген жағдайда арнайы сигнал инспекторларға барады. Аптасына бір рет қуатталатын құрылғыны азаматтар өздерінің үйінде қуаттай алады.
Электрондық бақылау құрылығысы – сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, сонымен қатар жазасын жеңілдетуге мүмкіндік беру үшін пайдаланылады.
-Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта қылмыстық алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды, егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі. Сондай-ақ, сотталғандарда бір немесе екі ескерту болса, ол сотталғандарға браслет кигізіледі. Мысалы бас бостандығынан шеутеу сотталғандарға бір ескерту болса, оларға бір жылға дейін осы браслет кигізіледі. Ал шартты сотталғандарға мерзімін қаншаға ұзартса немесе бір екі айға ұзартса сол бір екі айға осы бақылау құралы кигізіледі. Сотталғандарды мекен-жайы бойынша кез-келген уақытта тексере аламыз. Мекен-жайы бойынша үйде немесе қайда жүргенін осы электронды браслетке қосылған планшед арқылы инспекторлар көріп отырады. Белгісіз бағытқа қарай кеткен жағдайда бірден сигнал түседі. Электронды білезікті бүлдірген жазасын өтеушілер жауапқа тартылатын болады, — деді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нартай Сабаев.
Мақтаарал аудандық пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда электронды браслет таққан 4 сотталған да педофилдер. Оның біреуі сегіз жасара қызды зорлаған, екіншісі ер адамның еркінен тыс жыныстық қылмыс жасаған. Ал, екеуі кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленген екен.
Сәкен есімді сотталған жігіттің әкесі электрондық құрылғының іске асатынына қуанады. Қаршадай қызды зорлап істі болған ұлы сыртқа шыққанда алаңдайтын әке, енді көңілім тыныш табатын болды деп отыр.
-Балам кешкісін сыртқа шыққанда қатты уайымдайтын едім, дүкенге шығып ары қарай басқа бағытқа кетіп қала ма деген қорқыныштар қатты мазалайтын. Балам үйге келгенше уайымдап отыратынмын. Түрлі жағдай болады ғой. Бұрынғы жасаған қылмысын тағы қайталайды ма деген де ой болатын Енді жанымыз тынышталатын болды. Себебі, электронды білезік арқылы жұмысқа барып келетін бағыт белгіленген. Ол бағыттан ауытқып кетсе бірден сигнал соғылады. Сондай-ақ, бақылауда болса, қауіпсіздікте екеніне сенесің», — дейді сотталған Сәкеннің әкесі.
Электрондық бақылау құрылғысын аталған тізімдегі азаматтар 1 жыл бойы шешпей тағады. Ылғалға төзімді құралдың құны шамамен 250-300 мың теңге. Сотталған бұл құрылғыны қасақана немесе абайсызда сындырып алған жағдайда жазаға тартылады.