Мақсат Толықбай: Шенеуніктер вакцина салдырғанын фото арқылы емес, видео есеп арқылы көрсетсін

Тележүргізуші, журналист Мақсат Толықбай вакцинаны алдымен шенеуніктерге салу керек деген ойын айтты. Өзі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен мемлекет басшысынан кейін екпе салдыруға құлықты.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты, деп жазады stan.kz.

«Құрметті достар, қазір вакцина тақырыбы өзекті болып тұр. Ресейден әкелінген препараттарды егу басталды. 20 мың дозасы әкелінді. Алдағы 3-4 айда тағы 600 мың дозасы әкелінеді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, полицейлерге тағысын тағыларға салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекстің 77-бабында айқын жазылған. Вакцинация салдарасыз ба, жоқ па? Таңдау еркі өзіңізде. Ал бізге келіп жатқан вакцинаны атауы «Sputnik V» деп аталады. Біз осыны алдырға он алтыншы елміз. 15 ел бұған дейін алдырған. Отандық вакцинамыз осы айдың ортасында дайын болады деп жатыр», — деді Мақсат Толықбай видео үндеуінде.

Тележүргізуші вакцинаны алдымен шенеуніктерге салуды ұсынды. Одан бөлек денсаулық сақтау министрі мен мемлекет басшысы халық алдында вакцина алсын деген талабын айтты.

«Айтайын дегенім, халық сену үшін бұл вакцинаны депутаттар, министрлер, шенеуніктер салдыру керек емес пе? Қорабын жаңадан ашып, видеоға түсіре отырып, елдің алдында салғызу керек. Сонда халық сенеді. Сіз қашан вакцина аласыз деп сұрайтындар бар. Мен денсаулық сақтау министрі мен президент Тоқаев вакцина қабылдаған соң салдырамын», — деді ол.

«Бәрімізде сол кісілерге жол бердік, үлкендердің алдын кеспей күтейік», «Керемет алған беттен қайтпау керек. Аман бол, Мақсат, біз сенен кейін салдырамыз», «Вакцина салдырмаса, QR код берілмейді. Ол кодсыз сіз ешқайда бара алмайсыз. Яғни, үйде отырасың деген сөз! Ал енді мәжбүрлі түрде емес деп қалай айтуға болады?», «Тоқаев 65 жастан асып кеткен. Салдырмайды», «Мен де видео есеп бергенін қалаймын», — деп жазды көпшілік.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...