Мәжілістің жаңа депутаты Дмитрий Легкий ант берді

Жуырда ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелген Дмитрий Легкий ант қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Арамызға жаңа депутат қосылды. Қазақстан халықтық партиясына сайлау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Мәжіліс депутаты Дмитрий Максимович Легкий тіркелді», — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Ант қабылдау кезінде бір оқиға болды – Легкий Конституцияға қолын қоюды ұмытып кетті. Ол бірнеше секунд сөйлегеннен кейін қолын кітапқа қойды.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», — деді Дмитрий Легкий.

Қошанов жаңа депутатты құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Депутаттардың дауыс беру нәтижесі бойынша Легкий Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кірді.

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...