Мәжілісте атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыру ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмек көлемін арттыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда, отбасылардың жағдайы бірдей емес, бір жерде ата-ана балаларын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете алса, енді бір жерде ондай мүмкіндік жоқ. Кемінде 625 мың, демек әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрып жатыр. Бұндай отбасыны қолдаудың бір түрі — атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Алайда оның мөлшері тіпті қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 6 адамнан тұратын отбасына берілетін АӘК 7 мың теңгедей ғана», — деді Д. Зәкиева Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында. Оның айтуынша, көмекке мұқтаж баланы немесе отбасын өздігінен анықтап, көмек көрсетудің орнына, жұмыс тек келіп түскен өтінішпен жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар туралы мүлдем естімеген, қандай құқықтарының бар екендігін білмейтін, құжаттары жоқ болған соң қарапайым қызметтер мен көмек түрлерін ала алмай жүрген 200-ден астам отбасы анықталды. «Ешқашан мектепке бармаған 10-13 жастағы балаларды, аурулары барына қарамастан, туғаннан бері ешқандай медициналық тексеруден өтпеген балаларды көрдік. Бұл отбасылар туралы учаскелік қызметтер әкімдіктерді хабардар етсе де, олар адам шошырлық жағдайда өмір сүрулерін жалғастырған. Бүгінде 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында, ал қолайсыз жағдайда деп есепте тұрған отбасыларда 12 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Нәтижесінде, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі көбінесе бала құқықтарының бұзылуы мен қайғылы салдарларға, яғни балалар үйіне түсуіне және зорлық-зомбылыққа әкеп соғады», — деді депутат. «Мұның себебі неде? Функционалдық талдауымыз көрсеткендей, отбасы және бала құқықтарын бұзудың алдын алу мәселелері немқұрайлы, әрі соңғы кезекте қаралып жүр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жұмысы көп жағдайда тек формалды түрде ғана. Комиссия мүшелерінің жұмыстың көптігінен отбасыларға баратын уақыты жоқ. Ал үйлестіру мен бақылау қызметі бір ғана хатшыға жүктелген», — деді ол. Бүгінгі таңда өкілетті органдар Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Оған депутаттар келесі тармақтарды қосуды ұсынады: 1. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру үшін АӘК-ті әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыру. Яғни 1 балаға 36 мың теңге. Бұл үшін қосымша 225 млрд теңге керек. 2. Елді мекендерде отбасына кешенді түрде көмектесу және бала құқықтары бұзылуының алдын алу жөніндегі өкілетті органдар арасында жұмысты үйлестіріп отыратын және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Отбасы, жастар және балалар істері жөніндегі дербес басқарма құру. 3. Стратегиялық құжаттарда көрсетілген отбасы институтын нығайту, отбасылық қолайсыздықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі нысаналы индикаторларды өңірлердің Аумақты дамыту жоспарларына енгізу.


Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.