Мәжіліске үш партия өтті — exit poll

Мәжіліс пен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 9,03 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы — 71,97 пайыз дауыс;
  • «Ауыл» партиясы — 5,75 пайыз дауыс;
  • «Ақ жол» партиясы — 10,18 пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы — 3,07 пайыз дауыс.

Қазақстандағы Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы екінші exit poll деректері жарияланды. Деректерді «Демократия институты» жобасының директоры Татьяна Башарина КТК телеарнасының эфирінде келтірді.

«Демократия институтының» мәліметтері бойынша exit poll нәтижелері мынадай:

  • Қазақстан Халық партиясы — 9,54 пайыз;
  • Nur Otan партиясы — 72 пайыз;
  • «Ауыл» партиясы — 4,93 пайыз;
  • «Ақ жол» партиясы — 10,2 пайыз;
  • Adal партиясы — 3,25 пайыз.

Парламент Мәжілісіне көшу үшін партиялар жеті пайыз кедергіні еңсеруі қажет. Палата кемінде екі партияның қатысуымен құрылады. Егер сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек бір саяси партия алатын болса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге осы саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының ең көп санын алған партияның партиялық тізімі жіберіледі.

Exit poll — дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шыққан кезде социологиялық қызметтер жүргізетін, әлемдік әлеуметтанулық практикада қолданылатын азаматтардан сауалнама алу рәсімі.

Жастардың дамуына көп күш салынып жатыр: нәтиже қандай?

Жастар – ел дамуының басты күші Қазіргі қоғамда жастар елдің...

Жеке сот орындаушысы – заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды мамандық

Қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот шешімдерінің орындалуын жүзеге...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен...

«E-QYZMET.GOV.KZ» — НОВАЯ СИСТЕМА ОТБОРА НА ГОСУДАРСТВЕННУЮ СЛУЖБУ

Эта система предназначена для полностью онлайн проведения процесса отбора...

«E-QYZMET.GOV.KZ» — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Бұл жүйе үміткерлерді таңдау мен конкурс өткізу процесін толығымен...