Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартылған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы К.Мәсімовке, Ә.Садықұловқа, Д.Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ бұрынғы орынбасары Д. Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл наурыз айында бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...