12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мұрагерлік жолмен әкеңнің жер телімін заңдастырып беремін» деп тұрғындарды алдаған жігіт сотталды

Жетісай ауданында жер теліміне қатысты алаяқтық жасаған ер адамның кінәсі дәлелденіп, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Нақтырақ айтсақ, Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, 2020 жылдың қазан айында өзіне жақын таныс емес адамның сөзіне сеніп, 60 000 теңге ақшасын бергенін жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, оған танысы «әкеңнің атындағы аумағы 0,9 га жерді өзіңнің атыңа заңдастырып беремін» деп әбден иландырған. Алайда арадан 1 жылдан астам уақыт өтсе де не жерін, не ақшасын ала алмаған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Дәл осындай арызбен полицияға тағы бір ер адам келген. Бұл жолы күдікті жәбірленушінің 55 000 теңгесін алып, ұшты-күйлі жоқ болған.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғындарды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алды. Мұқият істі зерделеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Яғни күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Алаяқтық дерегімен тіркелген іс бойынша құжаттар жинақталып, айыпталу актісімен бірге сотына жолданды.
Нәтижесінде сот 31 жасар ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабымен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11...

ҚАЖ қызметкерлері желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Тәуелсіздік күні қарсаңында...