12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мұрагерлік құқыққа Конституциямен кепілдік берілген

Елімізде меншікке оның ішінде мұрагерлік құқыққа Конституцияның 26-бабының 2-тармағымен кепілдік берілген. Мұны айтып отырғанымыз, бүгінде мұрагерлік-құқықтық қатынастардан пайда болатын даулар аз емес. Бұл жағдай осыған қатысты заң талаптарын ұдайы насихаттау қажеттігін көрсетеді.

Халқымызда мұрагерлік мәселесі дала заңдарымен реттеліп отырса, заманның жаңарып, қоғамның дамуымен бұл институт үздіксіз жетілдірілуде. Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативтік актілермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.

Заңдылыққа келсек, қайтыс болған адамның мүлкі мен мүліктік құқықтары мұрагерлеріне мұраға қалдыру жолымен ауысады. Оған мұрагерлер заң мен өсиеттің негізінде иелік етеді. Үлесті белгілеуге негізінен мұрагерлер мойнындағы жауапкершілік пен олардың саны әсер етеді. Өсиет жазылмаған, сондай-ақ, мұраның кімге тиесілі екені нақты көрсетілмеген жағдайда мұрагерлік Азаматтық кодекс талаптарына сай, заң бойынша жүзеге асырылады.

Мұра оны қалдырушының соңғы тұрған жерінде ашылады және осы күннен бастап алты ай ішінде қабылданады. Егер оның тұрғылықты мекені белгiсiз болса, онда мұра мүлiк немесе оның негiзгi бөлiгi орналасқан аумақта ашылады. Азаматтың нақты қай кезде көз жұмғаны беймәлім болуы мүмкін. Мұндай кезде мұраның ашылу уақыты болып оның қайтыс болғаны туралы болжанған немесе жарияланған күн танылады, сондай-ақ, оны қабылдауға алты ай беріледі. Соттың шешiмiнде басқа күн көрсетiлмесе, мұраны азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген соң қабылдау мүмкіндігі заңмен қарастырылған. Осы тұста ескерерлігі, егер қайтыс болды деп жарияланған адам тірі оралса немесе оның тұрған жері белгілі болса сот шешімінің күші жойылады.

Заң бойынша мұрагерлік құқыққа ең алдымен оның туған балалары, жұбайы мен ата-анасы, т.б. ұрпақтары тең үлеспен ие болады. Бұлар болмаса, мұра оны қалдырушының бауырларына, яғни, аға-інілеріне, әпке-қарындастарына және ата-әжелеріне теңдей бөлінеді. Жиендері, немерелес туыстары мен әкесі не шешесі бөлек бауырлары мұраға ұсыну құқығы арқылы ие бола алады.

Кез келген адам өзіне тиесілі мүлкін немесе оның бір бөлігін өсиет етіп қалдыру құқығына ие. Бұл үшін жеке құжатымен нотариусқа жүгінеді. Өсиет жасаған кезде ол толық әрекет-қабiлетке ие болуы тиіс. Өсиеттi өкiл арқылы жасауға заңмен тыйым салынған. Оны мұра қалдырушының өзі жасауы міндет. Сонымен қатар, ол кез келген уақытта өсиеттің күшiн жоя немесе өзгерте алады.

Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауы тиіс. Мұра қабылдау тәсiлдерi Азаматтық кодекстің 1072-1-бабы бойынша жүзеге асырылады. Мұрагер мұра ашылған алты ай ішінде мұрадан дәлелді себептерін көрсетіп бас тартуға құқылы. Бұл мерзім сотпен ұзартылуы мүмкін, бірақ, ол екі айдан аспайды. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.

Мұндай жағдайда оған есептелуге тиiс мұра бөлiгi заң бойынша мұрагерлер арасында мұралық үлестерiне қарай бөлiнедi. Егер мұра қалдырушы банктерге борыштар болса, кредит берушiлер өздерiнiң талаптарын мұраны сенімгерлікпен басқарушыға немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде қоюға құқылы.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз қорғауы үшін заңға талаптарына немқұрайдылық танытпаулары тиіс.

Ғани Амантайұлы,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...