МӘМС: Қалқамандағы №7 аурухана дәрігерлері алғаш рет күрделі эндоваскулярлық ота жасады

Қалалық №7 аурухана мамандары созылмалы геморройға шалдыққан пациентке тұңғыш рет МӘМС пакеті шеңберінде шағынинвазивті операция жасады, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы.

46 жастағы пациент ауруханаға тік ішектен қан кеткеннен кейін хабарласқан. Айтуынша, оның бұл дертке шалдыққанына 5 жылдан асқан көрінеді. Соңғы бірнеше айда созылмалы геморрой асқынып, дәретке отыруы мүлдем қиындапты.

Тиісті диагностикалық тексерулерден кейін дәрігерлер оған 2-дәрежелі созылмалы геморрой диагнозын қойып, ота жасау туралы шешім қабылдады. Пациенттің тік ішек артерияларына эндоваскулярлық эмболизация жасалды.

Проктолог маман Марат Каленбаевтың сөзіне сүйенсек, операцияның бұл түрі дәстүрлі отаның қауіпсіз баламасы болып табылады.

«Бұл процедура наркозсыз жасалады. Оның үстіне, тоқ ішекті алдын-ала дайындауды қажет етпейді. Шағынинвазивті операция арқасында пациент бірнеше сағаттан кейін орнынан тұрып жүре бастайды, дәретке де қиналмай барады. Сондай-ақ отаның орны ауырмайды, себебі тілік жасалмайды, сондықтан жара болмайды», — дейді Марат Каленбаев.

Жалпы, тік ішек артерияларының эндоваскулярлық эмболизациясы клиникада тұңғыш рет жасалды. Оған клиниканың интервенциялық хирургия бөлімі меңгерушісі Сәкен Анартаев жетекшілік етті. Отадан кейін пациент көп ұзамай сауығып ауруханадан шықты.

Мамандардың айтуынша, аталған емдеу тәсілі 1, 2 және кейде 3-стадиядағы сырқаттарға қолданылады. Пациент проктолог дәрігерге қаншалықты ерте қаралса қауіпсіз тәсілді қолданып емдеу мүмкіндігі де жоғары болмақ.

«Инновациялық ота ауруханада тұңғыш рет қолданылды. Клиникадағы заманауи технологиялар мен жоғары білікті мамандардың арқасында операция сәтті шықты», — деп хабарлайды клиниканың баспасөз қызметі.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...