12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәміле алаңы

Медиация – қоғамды біріктірудің басты күші ретінде келісімге келу, даулар мен келіспеушілікті өзара тиімді шешімге келтіру, азаматтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеу, шешу.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Азаматтардың көбі асығыс жағдайда, уақытша өкпе-реніштің салдарынан сотқа жүгініп жатады. Медиация араздасушы тараптарға мүмкіндік береді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оңтайлы шешімге келуіне бағыт береді. Медиациялық заң көп жағдайда тиімділігімен қоса пайдасын да тигізіп жатады.
Қазіргі таңда татуласу рәсімін жүргізу барысында тараптарды ғана емес, сонымен қатар тараптарға татуласуға көмектесетін басқа да адамдарды шақыру құқығы берілген. Айта кету керек, сот тараптарды татуластыру үшін шаралар қолданады және оларға дауды тек талап қабылданғанға дейін ғана емес, процестің барлық сатыларында реттеуге көмектеседі.
Соттың медиативтік (бітімгершілік) келісімді бекітуі тараптарды татуластыру рәсімдеріне жүгінуге сендіретін шешуші факторлардың бірі болып табылады. Көптеген адамдарға соттың келісімді бекітуі орасан мән мен күш береді, өйткені келісім жасаудың толық еріктілігіне қарамастан, ол міндетті түрде орындалуы керек. Бірақ сіз өзіңіз келіскен нәрсені орындау сот шешімін орындаудан гөрі әлдеқайда оңай және жағымды екенін түсінгеніңіз дұрыс.
«Дау мұраты – бітім» деп Сырым бабамыз айтқандай, татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге мүдделі етуге, қоғамдағы шиеліністерді төмендетуге оң ықпал ететін аталмыш заң қарқынды жалғасуда.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отыр­ған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.
Қазақтың қанында бар бітімгершілікті дамытқан бұл заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданғаны белгілі. Одан бері 10 жыл өте шыққан екен. Осы уақыт аралығында медиация тәртібімен көптеген дау оң шешімін тауып, екі жақты тараптарды қанағаттандырды.
Медиация тараптары медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны талап ету тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, дау-шарды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және өздеріне тең міндеттер жүктейді.
Медиация осы заңның талаптарына қайшы келмейтін тараптар келіскен тәртіп бойынша жүргізіледі.
Медиаторлар ұйымдары бекіткен медиацияны жүргізу тәртібі тараптардың келісімімен қолданылуы мүмкін.
Медиатордың қызметі кәсіби және кәсіби емес болуы мүмкін. Отставкадағы судья немесе жиыр­ма бес жасқа толған, кез келген салада жоғары білімге ие, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша сертификат алған азамат кәсіпқой медиатор бола алады. Оның қызметі ақылы және ақысын тараптар өзара келісіп төлейді.
Қоғамдық медиатордың рөлін судья немесе қырық жасқа толған азамат атқара алады. Барлық медиатор арнайы медиаторлардың тізімінде тіркелуі қажет.
Мемлекеттік қызметкер, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қылмыстық қудалауға ұшыраған, өтелмеген немесе алынбаған соттылғы бар адам медиатор бола алмайды.

Асхат Сабыров,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...