12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі қағаз жүзінде болмауы тиіс — С.Шәпкенов

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов жергілікті атқарушы органдардың мүгедек адамдарға арналған объектілерді бейімдеу жөніндегі жұмысын сынға алды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Серік Шәпкенов өз сөзінде Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – МБА) өмір сүру сапасын арттыру үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мәселен, 2021 жылғы қазанда заңнамаға бірқатар жағдайды жақсартатын нормаларды көздейтін түзетулер қабылданды. Нәтижесінде I топтағы мүгедектігі адамдарды күту және оларды сүйемелдеп жүру бойынша бірыңғай жәрдемақыны 26,3 мың адам алды; 57,2 мың мүгедектігі бар бала үшін жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуды көздейтін топтарға бөлу жүргізілді; 2,8 мың алушы бір мезгілде мүгедектік және асыраушысынан айырылу жөнінде жәрдемақыларды иелене алады.

«Елімізде шамамен 700 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Экономикада еңбекке қабілеттілердің 126 мыңы немесе 25%-дан азы жұмыспен қамтылған (417,8 мың). 2022 жылдың соңына дейін еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамтылғандардың үлесін 25%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.

2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы толыққанды іске қосылды. Компенсаторлық құралдармен 371 мың адам немесе қажеттіліктің 87,4%-ы қамтамасыз етілді», – деді Серік Шәпкенов.

ЮНИСЕФ приветствует принятие Национальной программы «Дети Казахстана» (2026–2030)

ЮНИСЕФ приветствует принятие Национальной программы «Дети Казахстана» (2026–2030) —...

КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШУ – БҮГІНГІ ТАҢДАУДАН

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Мемлекеттік тіл – ұлттың бірегейлігін айқындайтын, елдің тәуелсіздігі мен...

Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi....