Мүгедек болып қалған соң әйелімді қатты қызғандым — екі аяғынан айырылған Азамат

Екі аяғынан айырылған Азамат талайларды таңғалдырған махаббат оқиғасын айтып берді. Мүгедектік күйге түскен ол жан жарын қызғанып, ауыр күндерді бастан кешкен. Күйзеліске түсіп, жаны ауырған. Бұл күндерде жары жанында болып, сыннан бірге өткен екен.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Азаматтың екі баласы, Балауса есімді жары бар. 14 жыл бұрын қазіргі жарына ғашық болып, таныстығына үш ай өтпестен жар еткен. 7 жыл бұрын оқыс жағдайдан соң екі аяғынан айырылды. Күйзеліске түсіп жаны ауырды. Алайда қиын сәтте жұбайы мен отбасы демеу болып, ауыр күндерді артқа тастады.

«14 жыл бұрын Балаусамен таныстым. 15 сәуір күні болатын. Автобуста таныстық. Танысқан соң 3 айдан кейін отбасын құрдық. 7 жылдан соң оттегі балоны жарылып, мен аяғымнан айырылдым. Үйде жаттым. 2014-2017 жылдар аралығында үйден шықпай жаттым. Жалғыз қалдым. Әйелім сыртқа кеткенде, жұмысқа кеткенде қызғанатын болдым. Өзім күйзеліске түстім. Әйелімді қатты қызғандым. Шарасыз күйге түстім», — деп күледі Азамат.

Ал жары Балауса Азаматпен қалай танысқанын айтты.

«Мен фельдшер мамандығында оқып жүргенмін. Бізді іс-тәжірибеге жіберді. Бір автобуста Азамат екеуміз отырдық. Ол да студент. Ол да іс-тәжірибеден өтуге бара жатыр екен. Менімен танысты. Барғанша сөйлесіп бардық. Менің телефон нөмірімді сұрады. Мен бермедім. Жақын таныса қоймадым. Мен көліктен түспек болғанда бәрінің көзінше айқайлады. «Мен бәрібір сенің телефон нөміріңді тауып алам. Мен бәрібір сені жар етем» деп айқайлады. Кейін үш айдан соң үйлендік», — деді Балауса.

Азамат қасында қиындықты бірге өткеріп жүрген жарына, оның ата-анасына алғысын айтты.

«Сені тәрбиелеп өсірген, ата-анаңа алғысым шексіз. Саған рахметімді айтамын. Менің қасымда күліп жүрсе, менің бағындырмайтын белесім болмайды. Әйелдеріміз күліп жүрсе, бәрі жақсы болады», — деді Азамат Нұрәлиев.

Тепкілеп өлтірілген жігіттің өлімін кім жасырып отыр?

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ыстық су демалыс аймағында адам...

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...