12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүгедек болып қалған соң әйелімді қатты қызғандым — екі аяғынан айырылған Азамат

Екі аяғынан айырылған Азамат талайларды таңғалдырған махаббат оқиғасын айтып берді. Мүгедектік күйге түскен ол жан жарын қызғанып, ауыр күндерді бастан кешкен. Күйзеліске түсіп, жаны ауырған. Бұл күндерде жары жанында болып, сыннан бірге өткен екен.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Азаматтың екі баласы, Балауса есімді жары бар. 14 жыл бұрын қазіргі жарына ғашық болып, таныстығына үш ай өтпестен жар еткен. 7 жыл бұрын оқыс жағдайдан соң екі аяғынан айырылды. Күйзеліске түсіп жаны ауырды. Алайда қиын сәтте жұбайы мен отбасы демеу болып, ауыр күндерді артқа тастады.

«14 жыл бұрын Балаусамен таныстым. 15 сәуір күні болатын. Автобуста таныстық. Танысқан соң 3 айдан кейін отбасын құрдық. 7 жылдан соң оттегі балоны жарылып, мен аяғымнан айырылдым. Үйде жаттым. 2014-2017 жылдар аралығында үйден шықпай жаттым. Жалғыз қалдым. Әйелім сыртқа кеткенде, жұмысқа кеткенде қызғанатын болдым. Өзім күйзеліске түстім. Әйелімді қатты қызғандым. Шарасыз күйге түстім», — деп күледі Азамат.

Ал жары Балауса Азаматпен қалай танысқанын айтты.

«Мен фельдшер мамандығында оқып жүргенмін. Бізді іс-тәжірибеге жіберді. Бір автобуста Азамат екеуміз отырдық. Ол да студент. Ол да іс-тәжірибеден өтуге бара жатыр екен. Менімен танысты. Барғанша сөйлесіп бардық. Менің телефон нөмірімді сұрады. Мен бермедім. Жақын таныса қоймадым. Мен көліктен түспек болғанда бәрінің көзінше айқайлады. «Мен бәрібір сенің телефон нөміріңді тауып алам. Мен бәрібір сені жар етем» деп айқайлады. Кейін үш айдан соң үйлендік», — деді Балауса.

Азамат қасында қиындықты бірге өткеріп жүрген жарына, оның ата-анасына алғысын айтты.

«Сені тәрбиелеп өсірген, ата-анаңа алғысым шексіз. Саған рахметімді айтамын. Менің қасымда күліп жүрсе, менің бағындырмайтын белесім болмайды. Әйелдеріміз күліп жүрсе, бәрі жақсы болады», — деді Азамат Нұрәлиев.

Ұлттық ұлан қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды

Абай облысында 10 қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күні...

Сотрудников Национальной гвардии МВД РК поздравили с профессиональным праздником в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения смешанной безопасности поздравили сотрудников...

ӨҢІРДЕГІ ЖАҢА ТАУ ШАҢҒЫ ОРНЫ. OI-QARAGAI БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ AQTAS ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУДА

Жаңа қысқы маусымның басталуымен Oi-Qaragai тау курорты жаңа белестер...

Өңірлік кадрлық резерві — білікті мамандарға мүмкіндік

Мен, Мұқанәлі Асыл Бағдатұлы Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне...