12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәдина ХАЛИТОВА, Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы:«БІЗДІҢ ЭКОНОМИКА ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА КІРІПТАР»

– Шикізат өндірісіне тәуелді қазақстандық экономикада ұлттық валютаның құнсыздануы қалыпты жағдай. Тұрақсыздық бірінші кезекте биліктің жүргізіп жатқан экономикалық саясатына деген сенімді әлсіретеді. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі үшін де, инфляция деңгейіне де, бір сөзбен айтқанда барлық экономика үшін аса маңызды фактор болып табылады. Теңге құнының тұрақсыздығы халықтың өмір сүру деңгейіне қаншалықты әсер етеді?
– Қазақстанның жағдайында валюта тұрақсыздығы экономикалық үдерістерге халық тарапынан да, бизнес тарапынан да сенімсіздікті тудырады. Бизнес жұмыс орындарын азайту, өндірісті кеміту және т.б. жолдармен өз шығыстарын қысқартуға ұмтылады. Бұның бәрі халықтың өмір сүру деңгейіне және нарыққа әсер етеді. Нарықта сатып алу қабілеттілігі төмендейді және бағалардың жоғарылауымен қатар жүретін тапшылық пайда болады. Сонымен қатар, валютаның тұрақсыздығы инфляциялық үдерістерге әсер етеді. Осының салдарынан халықтың бірқатар тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алмайтыны, өмір сүру деңгейінің төмендейтіні түсінікті.
– Доллар бағамының әсерін азайту жолдары бар ма?
– Бұл проблема ондаған жылдарға созылған эпопеяға айналды! Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан өндіріс салаларын дамытуға тырысып келеді. Бұл шикізаттық экономика үшін тиімді жол және өз кезегінде экономикалық тәуелсіздікті, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ал, бюджет, экономика әлемдік шикізат нарығына тәуелді болса, біз әлемдік алаңдардағы сауда-саттық жүргізілетін барынша маңызды валюталардың бағамына тәуелді болып қала береміз.
Үкімет ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірқатар шараларды жариялады. Оның ішінде Ұлттық банктің интервенциясы да, алтын-валюта қорының шектеулілік проблемасы да бар. Алтын валюта қоры белгілі бір салаларға шығындалады, ал оның шамадан тыс жұмсалуы өте қиын жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қазір бағалардың, әсіресе, энергетикалық ресурстардың (бензин, газ) бағасының өсуіне жол бермеу қажет. Себебі бұл ұлттық өндірушіні қолдауға мүмкіндік береді, инфляциялық қысымды төмендете алады, нарықта өз қызметін жүргізіп жатқан өндірушілердің өндірісін тоқтатпауына және шығыстарды азайту бойынша шұғыл шараларға бармауына мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық жұмыстары қарсаңында бұл шара ауылшаруашылық өндірісіне де қолдау болар еді. Коронавирустың жылдам таралуы жағдайында, ең басты міндет – ішкі азық-түлікпен қамтамасыз ету болуы қажет. Бюджет және квазимемлекеттік сала қаражаттарының пайдаланылу тиімділігіне назар аудару керек. Әсіресе, басқару органдарында және мемлекеттің қатысуы бар компанияларда кадрлардың ауысуын қадағалау керек. Мысалы, «Павлодар» ӘКК-да 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарушы органның төрағасы 5 рет ауысты. Ірі кәсіпорын басшылығының жиі ауысуы бұрын қабылданған міндеттемелердің орындалмауына әкеледі. Осылайша, соңына дейін жасалмаған жоба да, оған жұмсалған ақша да тоқтап қалады, ал, жабылған жобаның орнына жаңа қаржылық шығыстарды керек ететін жаңа жоба басталады. Жағдайдың бұлай өрбуі жалпы алғанда қаржы-инвестициялық ортаға және халықтың билікке сенім деңгейіне теріс әсер етеді.
– Халық қаражатын қандай валютада сақтағаны жөн?
– Жиғанын қай валютада сақтауды әр тұлға өзі шешеді. Бұл олардың құқығы. Әркім өз мүдделеріне және жинақтар мерзімдерінің ұзақтығына сүйене отырып, өзі шешім шығару тиіс. Әрине, қазір үкімет қор нарығын жандандыру жайында ойлауы қажет, себебі бұл халықтың инвестициялық қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін кеңейте алады.
– Қазақстанның үкіметі экономиканы әртараптандыру бойынша әр түрлі бағдарламаларды қабылдап жатыр. Соның нәтижесі бар ма?
– Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижелері туралы біржақты пайымдауға болмайды, себебі оларға белгілі бір факторлар әсер етті, олар өз іздерін қалдырды. Бағдарламалар өз нәтижесін беріп, халық оны шынымен сезінген кездер болды. Ол – жол құрылысы, Қазақстанда өндірілетін тауарлардың пайда болуы, жұмыспен қамту көрсеткіштерін жақсарту, цифрландыру және т.б. Бұдан бөлек, Үкімет экономиканың қандай да бір саласындағы маңызды жетістіктер туралы жиі баяндайды. Бірақ та, мысалға, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік бюджет пен ұлттық компаниялар арқылы қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, 2008 жылдан 2014 жылға дейін өңдеуші саланың ЖІІӨ-дегі үлесі 11,8%-дан 10,3%-ға дейін азайған. Бұл кезеңде девальвация жүргізілді, бұл да экономикалық нәтижелерге күдік туғызады. Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) шегінде 2016 жылы жалпы құны 600 млрд теңгені құраған 127 жоба, 2018 жылы жалпы құны 1,2 трлн теңгені құраған жүзден аса жоба жүзеге асырылған. Инвестициялардың өсуі жобалардың орташа техникалық деңгейінің өсуімен (сәйкесінше, олардың құнының өсуімен) шартталмаған, ірі жобалар масштабының өсуімен бай­ланысты болған. Егер 2016 жылдың қорытындысы бойынша 10 ірі жоба базадағы барлық жобалардың 80 %-ын берсе, 2018 жылы ең ірі –10 жоба 91 %-ды қамтамасыз етті. Ірі жобалардың маңызды екені түсінікті, бірақ, шағын және орта кәсіпкерліктің рөлін өсірген дұрыс болар еді. Бүкіл әлемде шағын және орта бизнес экономиканың, жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, халықтың өмір сүру деңгейін өсірудің негізгі қозғалтқышы болып табылады. Шағын және орта бизнес қысқа мерзімде бюджеттен әлеуметтік жауапкершіліктің айтарлықтай жүктемесін алып
тастай алады. Әлемдік тәжірибеге жүгінер болсақ, дамыған экономикадағы шағын және орта бизнес жалпы айналым мен қосылған құнның жартысынан астамын береді. Еуропада шағын бизнесте жұмыспен қамтылған адамдардың саны шамамен 70%-ды құрайды, олар жалпы айналымның 57 %-ын және қосылған құнның 53%-ын береді. Шамамен 5 миллион фирма – Еуропалық Одақтан тыс елдерде, яғни Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Азияда (Жапониядан басқа), Таяу Шығыс пен Африкада, ал Қытайда қала халқының 75% -дан астамы жұмыс жасайтын 4,3 миллионнан астам шағын және орта кәсіпорын және 27,9 млн жеке кәсіпорындар жұмыс істейді. Сонымен бірге, менің ойымша, бағдарламалардың, шаралардың
идеясының өзі дұрыс бағдарланған. Проблемаларды ұйымдастыру және орындау тетіктерінен іздеу керек. Шетелдік тәжірибеге жүгінсек, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен инновацияларды дамытуда шағын және орта кәсіпорындар басты рөлге ие болғандығын байқауға болады. Қазақстанда мемлекеттік кірістер органдарының тексерістері, бақылауы, салыстырып тексерулері мен мерзімдерінің масштабы айтарлықтай жоғарылауда. Осылайша, орта және шағын бизнестің көпшілігі алты айда бірнеше рет тексеріледі. Мысалға, хронометраждың өзі бір айдың ішінде жүргізіледі, ал 6 айдың ішінде 3 рет жүргізсе, онда компания қызметінің жартылай уақыты тексеру жағдайында болады. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің іс жүзінде кедендік немесе салық органдарының шешіміне шағымдануға мүмкіндігі жоқ. Мәселен, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында кеден органдары кедендік ресімдеу рәсімінен кейін 6 айдан кейін салынатын өсімпұлды өтеу туралы талап қоя алады, бұл баждарды есептеу кезінде кеден ережелерін дұрыс емес қолданумен түсіндіріледі. Кедендік баждарды есептеу әдістері тек қана қолдануға ұсынылып қана қоймайды, оны мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінің өзі белгілейді және есептейді. Қосымша төлемдер кейде компанияның бірнеше ай немесе жылдағы айналымынан асып кететін айтарлықтай мөлшерде болуы мүмкін. Ұзақ уақыт өткеннен кейін және сонымен бірге Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен есептелген қосымша ақылардың заңдылығын анықтау туралы сотқа жүгінген кезде соттар мерзімдерді ескерместен мемлекеттік органдардың жағында болады, ал жауап беруші болып кәсіпкерлердің өздері табылады және де олар мемлекеттік қызметкерлердің қателіктері және дұрыс есептемеуі үшін айыппұл төлеуге міндетті. Сондықтан, қазірде шағын және орта бизнесті қысу емес, қолдау өте маңызды, себебі ШОБ бюджетті едәуір жеңілдете алады, тіпті қысқа уақыттың ішінде оның толтырылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар дағдарысқа әкелетін бірқатар проблемаларды шешеді.
– Сұхбатыңызға рақмет.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

Есть ли выход из трудового рабства?

Во всем мире торговля людьми остается глобальной проблемой, затрагивающей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Советхан СӘКЕНОВ, құрметті демалыстағы судья: «ӘДІЛДІК ЖОҚ ЖЕРДЕ МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ»

– Советхан Сәкенұлы, құрметті демалысқа шыққаныңыз құтты болсын! Зейнетке...