12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мәдениет университеті» оқу курсының ашылуы

2020 жылғы 20 қазанда Құқық қорғау қорғау органдары академиясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Академия білім алушыларының бойында қазіргі заманғы мәдени құзыреттерді қалыптастыру мақсатында «Мәдениет университеті» оқу курсының ашылуы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің репертуарлық саясат басқармасының басшысы Рига Талғатқызы Оңаева, Назарбаев Университеті Рухани жаңғыру мәдени орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлтас Сайынқызы Құрманбай арнайы шақырылды. Сонымен қатар, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Іс-шара Академия ректоры Ерғали Серікбайұлы Мерзадиновтың алғы сөзімен ашылды. Өз сөзінде ол құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері үшін курстың маңыздылығын, нақты айтқанда құқық қорғау органдарына алғаш рет қызметке тұрған тұлғаларды дайындауда  Академия білім алушыларының бойында қазіргі заманғы мәдени, этикалық және эстетикалық құзыреттерді қалыптастыру деді.

Арнай шақырылған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің репертуарлық саясат басқармасының басшысы Рига Талғатқызы Оңаева министр Ақтоты Рахматуллаевна Раимкулованың Академияға жолдаған құттықтау сөзін оқыды.

Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлтас Сайынқызы Құрманбай Академия профессорлық-оқытушылар құрамын, докторанттары мен магистранттарын курстың ашылуымен құттықтады. Ол Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты, ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды деді.

Іс-шара барысында Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бауыржан Рақымжанұлы Есімсейтов «Мәдениет университеті» курсының бағдарламасындағы «Қарым-қатынаста және қызметтегі сәлемдесу этикасы», «Отбасылық өмір мен тұрмыстық мәдениет негіздері», «Классикалық музыка», «Хореография» және т.б. тақырыптарымен таныстырды.

Оқу курсының шеңберінде Қазақ ұлттық өнер университеті, Назарбаев Университеті, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры және басқа да мекемеден танымал профессорлар мен білікті мамандар шақырылу жоспарланып отыр.

Құқық қорғау органдары академиясының пресса қызметі

Безопасность на дорогах

С НАЧАЛА 2025 ГОДА В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВОДИТСЯ АКТИВНАЯ...

Искусственный интеллект в быту

РАЗВИТИЕ ТЕХНОЛОГИЙ И ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА ДЕЛАЕТ НАШУ ЖИЗНЬ БОЛЕЕ...

Акция выездного приема 

Каждый человек в современном обществе должен быть осведомлен о...

Фокус на профилактику, а не на устранение последствий

Аким Алматы Дархан Сатыбалды провел выездное совещание с руководством...

Решая амбициозные задачи 

В столице состоялась пресс-конференция, в ходе которой заместитель Премьер-министра...