12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

        Тілдің қадір-қасиетін аpттырып, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеу басты парызымыз.  22 қыpкүйек Қазақстан халқының тілдері күні.

Тіл туpалы жазу, oл туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бoйында ұлттық бoлмыс, ұлттық pух, дәстүр мен салт жатыр. Сoндықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қoймай, oны дамытып, жұмыс жасауы керек. «Тіл туралы” заңдағы «Қазақстан халқын тoптастырудың аса маңызды фактopы бoлып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қaзақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Кoнституциямыздың жетінші бабының бірінші таpмағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қaзақ тілі деп анық жазған, Ата Зaңымыздан туындаған «Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің aзаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыpу.   

Тіл – ең ұлы қару. 

Тіл – ең асыл құндылық. 

Тіл – ең керемет қатынас құралы. 

       Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл, бұл тілдің құдіреті ерекше. Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Әрине Абайға дейін де поэзия болды. Бірақ ол зар заман жырлары мен дастандары. Ал Абай тілінде сұлулықпен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.

Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болсаңызда, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайындааманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. 

    Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхон жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. 

Жас-ұрпақтың бойында өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, елімізде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу барлығымыздың міндетіміз. Хасан Туфан, татар ақыны: «Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл – қазақ тілін ғасырлар бойында қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рахмет» деген екен.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. 

Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

«Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – демекші, мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

 «Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.

Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Қазақ тілі — өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.  Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.

Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Тіл тағдыры – ел тағдыры, өйткені халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Тоқсан рет толғауға түсіп, түйген ойлардың биік белестен көріне білуі тек әр қазақ-тың өз болмыс бітімін сақтай білуіне байланысты болмақ. Әр халықтың тіліне деген адалдығы, тіл тазалығы –  туған тіліміздің тағдырын айқындамақ. Тіл – мәдениет бесігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиетіде, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал.

Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады» – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқын топтастыру-дың аса маңызды факторы мемлекеттік тілді меңгеру  –  Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Ақын Мұхтар Шахановтың: «Әр ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін оның қасиетті төрт тамыры болуы тиіс. Ол – туған жері, тарихы, мәдениеті және туған тілі» деген ұлағатты сөзі көкірегі ояу азаматқа ой салары анық. Сол себепті тілді тек қатынас құралы емес, тәуелсіз еліміздің шаңырағына тіреу болар алтын діңгегіне айналдыру – кеудесінде намысы бар әрбір азаматтың міндеті деп білеміз.

Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы Блялова М.Қ.

Энергетический переход Казахстана: баланс между развитием и вызовами

Энергетическая безопасность остается одной из ключевых опор экономического развития...

Казахстан остается надежным партнером США в условиях новой мировой экономики 

Экономические отношения между Казахстаном и США остаются устойчивыми и...

Азаматтардың құқықтарын қорғау — басым бағыттардың бірі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне,уәкілетті...

Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар туралы азаматтық істерді қарау ерекшіліктері

            Өкінішке орай, қазіргі кезде мұрагерлікке қатысты сұрақтарды шешу...

Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде қарау

Әкімшілік сот ісін жүргізуде жұмыс беруші немесе жұмысшы мен...