Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін  5 тәулікке қамауға алынды  

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің 147-1 бабы 1 бөлігі, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдай бойынша азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сот отырысында 02.03.2025 жылы азамат Т. сағат 14-00 минутта Өскемен қаласында Бажов көшесі,  №331 үйдің 6 подьезінің кіреберісінде бейнебақылау қамерасын қасақана зақымдап, сол арқылы «Қазақателеком» АҚ-ға материалдық залал келтірілген, яғни ӘҚБтК-нің 147-1 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

 Сот отырысында азамат Т. құқық бұзушылық  жасағаны үшін  кінәні мойындады, соттан айыппұлды төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін айтып, қамауға алу түрінде жаза тағайындауды сұрады. 

21 сәуір 2025 жылы сот қаулысымен  азамат Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып,  5 (бес) тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды. 

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Өскемен қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының 

баспасөз қызметі 

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...