МҚІА  Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы  бағытында  2025 жылғы  атқарылған жұмыс қорытындысы

Қарағанды облысында 364 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі. 2025 жылы жалпы 17,7 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі 98,4%-ды құрады.

Бақылау және тексеру жұмыстары бойынша 43 тексеріс жүргізіліп, жалпы 5021 заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижелері бойынша
23 ұсыныс енгізіліп, барлығы толық орындалды.

Сонымен қатар, 76 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 12 лауазымды тұлғаға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде 614 мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Заң бұзушылықтар негізінен жер мәселелері, сәулет, білім беру және көлік салаларында орын алды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, 63 ұсыныс әзірленді, бұл өзара тиімді тәжірибе алмасуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қоғамдық бақылау 19 қызмет көрсету нысанында жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар толық жойылды.

Атқарылған шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, заң бұзушылықтарды азайтуға және тұрғындардың құқықтарын қорғауға бағытталған тиімді жүйелі жұмыстардың іске асырылып жатқанын айқын дәлелдейді.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...