Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

Ұлытау облысының әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша — тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы және директордың орынбасары болды.

Сонымен қатар, Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды. 2001-2002 жылдар аралығында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, сол жылы бірінші вице-премьер кеңесшісі қызметіне премьер-министр кеңсесіне ауысты. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

Осы күнге дейін vәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.