Ұлыбританияда ғылыми мақсатта адамдарға COVID-19 жұқтыру басталды

Ұлыбританияда адамдарға ерікті түрде ғылыми мақсатта коронавирус жұқтыру басталды. Вирустың адам ағзасына әсерін зерттеуге арналған медициналық зерттеуді ұлыбританиялық Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды, — деп хабарлайды DW.com.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, осылайша елде коронавирусқа қарсы вакцинаны тез әзірлеп, аурудың бұл түрін емдеу жолдары қарастырылады.

Еріктілердің бірінші тобымен Royal Free Hospital ауруханасының мамандары жұмыс істеп жатыр, олар коронавирус сипаттамаларын зерттеумен айналысады.

«Зерттеу қатысушыларына қауіпсіз және бақылаудағы ортада вирус жұқтырдық. Олар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында», — делінген хабарламада.

Одан бөлек, ғалымдар SARS-CoV-2-ге адамның иммундық жүйесі әсері қандай боларын және инфекция жұқтырған адам вирус бөлшектерін қалай тарататынын зерттемек.

Бұған дейін дәл осындай зерттеу жұмыстары тұмау мен безгек ауруларына қарсы вакцина дайындау кезінде жасалған.

Соңғы зерттеуге жас әрі денсаулығы жақсы адамдар таңдалған. Оларға вирустың аз ғана дозасын салады. Зерттеуге жалпы 90 адам қатысады деп жоспарланған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...